Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Хабарландыру / 31 арна «I’m A Singer Kazakhstan» жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды

31 арна «I’m A Singer Kazakhstan» жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды

31 арна «I’m A Singer Kazakhstan» жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды

Бізге өтініш жіберген жүздеген адам «Халық қазылығының» құрамына еніп, ғаламат музыкалық шоудың жеңімпазын таңдау құқығына ие бола алады. 

31 арнада биылғы күздің ең айтулы музыкалық оқиғасы «I’m A Singer Kazakhstan» жобасына қызу дайындық жүріп жатыр. Қатысушылар іріктелді. Енді кезек көрермендерге келді. Талант-шоудың форматына сәйкес ең үздік орындаушы халықтың дауыс беруінің нәтижесінде анықталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бүгінгі таңда үздіктерді іріктеуді мейлінше тәуелсіз, ең объективті әдісі осы екен. 

- Бұл жобада үздіктерді іріктеудің бүгінгі таңдағы ең демократиялық және объективті әдісі жасақталған. Залда отырған 300-ден аса адам шоудың әрбір эпизодында қатысушыларға дауыс беру мүмкіндігіне ие болады, - дейді 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. – Айта кетейін, «халық қазылығы» құрамына енетін көрермендерді іріктеу әдісі де қатысушыларды іріктеуден кем түспейді. Залда музыканы түсінетін, өнерді бағалайтын жандар отыруы керек. Сонымен бірге, біз Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және басқа да әртістері жобаға қатысатын елдердің әрқайсысынан көрермен келеді деп келісім жасасып қойдық. Біріншіден, ол объективті пікірлердің қалыптасуына көмектессе, екіншіден, шынымен да нағыз мықтыны анықтайтын халық қазылығы дегеніміз осы.      

«I’m A Singer Kazakhstan» шоуының қатысушысы атанып, «Халық қазылығының» құрамына енуге кез келген қазақстандық үміт білдіре алады. Ол үшін «Халық қазылығы» деген белгі салып, casting@31.kz мекенжайына өзіңіз жайында ақпаратты және әлеуметтік желідегі парақшаңыздың сілтемесін жіберуіңіз керек.  Жасқа шектеу қойылмайды. 

Өз қолыңызбен жұлдыз жағу мүмкіндігіне ие болыңыз! 

Фото: 31 арна
Қосылған күні: 25 тамыз 2017, 11:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.