Исраил Сапарбайдың "Төрткүл дүние – төрт мезгіл" атты әдеби-музыкалық кеші өтеді

Исраил  Сапарбайдың  "Төрткүл  дүние – төрт мезгіл"  атты әдеби-музыкалық  кеші өтеді
Фото: vk.com

28 сәуір күні  М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында кешкі сағат 18.00-де ақиық ақын, театр репертуарындағы  «Қыз мұңы», «Сыған серенадасы» спектакльдерінің авторы, драматург, сазгер  Исраил  Сапарбайдың  "Төрткүл  дүние – төрт мезгіл"  атты әдеби-музыкалық  кеші өтеді.

Ақын-драматург, сазгер И.Сапарбайдың "Төркүл  дүние –төрт мезгіл"  атты әдеби-музыкалық  авторлық  кеші жаңа форматта ұйымдастырылып  отыр. Кешке «Форте-трио» тобы (Астана) мен Ярославль қаласы (Ресей) өнер институтының  жас түлектері қатысады. 

А. Оралқызы