«Қазақфильм» кастингке шақырады

«Қазақфильм» кастингке шақырады
Фото: vk.com

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Қанағат Мұстафинның «Ең сұлу қыз» жаңа көркем фильміне қосалқы рөлдерге кастинг жариялайды. Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіреді.

Кастингке 16-66 жас аралығындағы жігіттер мен бойжеткендер, ер азаматтар мен әйелдер қатыса алады.

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, екінші қабат, 272 кабинет.

Назар аударыңыз! Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекенжайға 2017 жылғы сәуірдің 3-і мен 6-ы күні сағат 10.00-18.00 аралығында келуі тиіс.

Фильм жайлы: достардың ішінде Самат қана отбасын құрмаған. Бауыржан оған қалыңдық тауып, үйлендірмек болады. Екеуі қалыңдық іздеп үлкен қалаға келеді. Бұл сапарда олар түрлі оқиғаларға тап болады. Екеуі ойда-жоқта халықаралық қылмыскерлер деп танылып, полицейлер мен бандиттердің қуғынына ұшырайды.  

М. Оңғарова