«Қане, қазақша сөйлетіп көр!» шығармашылық байқауы

«Қане, қазақша сөйлетіп көр!» шығармашылық байқауы
Фото: incolink.ru

Қазақстан Республикасындағы Тілдер күніне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» іс-шарасы шеңберінде шетелдік шығарманы қазақ тіліне аудару арқылы, үздікті анықтау үшін «Қане, қазақша сөйлетіп көр!» шығармашылық байқауы жарияланды. Байқауға барлық тілек білдіруші Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Байқау шарттары:

1. Шетелдік шығарма үзіндісін қазақ тіліне аудару.

2. Аударылған үзіндіге ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру. Қатысушылардың шығармашылық тәсілі және өзіндік идеялары бағаланады.

3. Facebook немесе Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшада жариялау.

4. #қазақшасөйлетіпкөр хештегін қою.

5. Facebook (JSC «Center for International Programs») немесе Instagram (@bolashakcip) әлеуметтік желілеріндегі Қоғамның ресми парақшасында осы сурет астындағы түсініктемеге «Жасалды» деп жазу қажет.

Конкурстық бейнероликтер 2016 жылы 19 қыркүйекке дейін жариялануы қажет.

«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» байқауын өткізу туралы ережемен осы жерден толық танысуға болады.

@. @assel_assanova