Наурызға тілек айтып, ұтысқа ие болыңыз

Наурызға тілек айтып, ұтысқа ие болыңыз
Фото: hameleons.com

Халқымыз тағатсыздана күтетін көктемнің ең жақсы мерекелерінің бірі, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамынн да аз уақыт қалды.

Мерекені тойлау дәстүріне сәйкес, осы күні қалың көпшілік бір-біріне ізгі лебіздерін білдіріп,  Жаңа жыл  жақсылыққа толы болуын тілейді. Осыған орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен Қазақ радиосы ел тұрғындары үшін «Наурыз-тілек!» байқауын жариялады.

Еліміздің әрбір азаматы өзінің жақындары мен туған-туыстарын, республика халқын осы тамаша мерекемен құттықтауға мүмкіндік алады. Ал, үздік құттықтау жолдаған азаматтар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары мынадай сыйлықтармен марапатталады:

1 орын - Ұялы телефон
2 орын - Планшет
3 орын - Электронды кітап.

Байқауға қатысу үшін азаматтар Наурыз мерекесіне деген аудио, бейне немесе жазбаша материалдарын 1 наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz мекенжайына жолдауы қажет. Сонымен қатар байқауға қатысуға ниет білдірушілер 8 (7172) 55-33-26, 55-33-37 телефон нөмірлеріне хабарласып, тілектерін жолдай алады.

Оған қоса, тұрғындар Ұлттық арнаның facebook, instagram, vk, twitter әлеуметтік желілеріндегі мекенжайына #nauryztilek хэштегін көрсете отырып, тілектерін жолдауларына болады. Үздік тілектерді корпорацияның Көркемдік кеңесі таңдайды. Жеңімпаздың есімі Наурыз мерекесінің алдында жарияланады. Іске сәт!

 «Қазақстан» РТРК

@. @assel_assanova