ҚазҰУ-да журналистерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

ҚазҰУ-да журналистерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
Фото: 7news.kz

2015 жылдың 26-27 қараша күндері «Қазконтент» АҚ, Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, Бас редакторлар клубы ҚБ қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі кафедра меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаеваға сілтеме жасап.

Шара ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында өтеді.

Конференция барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Қазконтент» АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. 

Ғылыми жиын аясында Біліктілікті арттыру институты базасында өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған шеберлік-сыныптар да өтеді. 

М. Бисембаева