Алматы метрополитені селфи байқауын жариялады

Алматы метрополитені селфи байқауын жариялады
Фото: skyscrapercity

Алматы метрополитені ең үздік селфиге байқау  жариялайды. Мұны «Метрополитен» МКК баспасөз хатшысы Ажар Хабиева хабарлады.

Фотобайқауға кез келген адам қатыса алады. Байқау шарты бойынша, жолаушы станса, вагонда, метроға кіреберісте селфи жасап, kag@metroalmaty.kz электронды адресіне жолдауы керек.

Ең үздік суреттің авторын сайт қолданушылары таңдайды. Жеңімпаз «Метрополитен» басшылығы атынан арнайы сыйлыққа ие болады. Байқау қарашаның 2-30 аралығына дейін жалғасады.

Дереккөз: kazinform

С. Ерсін