«Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауына қатысыңыз

«Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауына қатысыңыз

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауын жариялайды. Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.

Байқаудың мақсаты – қазақ тарихының аса маңызды оқиғаларына қоғам назарын аудару, осы арқылы жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру.

Фотобайқау 2015 жылғы 18 ақпаннан 30 қазанға дейін жүргізіледі, ал жеңімпаздарды марапаттау 2015 жылғы 20 қарашада өтеді.

Байқау жүлдесі – 1-орын 200 мың теңге (оған қоса, 1-орын иегерінің фотоларынан Ұлттық музейде жеке фотокөрмесі ұйымдастырылады), 2-орын 200 мың теңге, 3-орын 100 мың теңге. Байқау қорытындысына сәйкес Ұлттық музейде тарихымыздағы атаулы даталардың фотоқұжаттар мұрағаты жасалатын болады.

Байқаудың ережесімен толық танысу үшін мына құжатты жүктеп алыңыз.

Cурет: www.terra-z.ru

Ф. Абилова