Заманауи мектеп оқулығы қандай болмақ?

Заманауи мектеп оқулығы қандай болмақ?

8 желтоқсан күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі ұйымдастыруымен отандық оқулық авторларына арналған халықаралық семинар өз жұмысын бастады, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оған қатысатын шетелдік эксперттер: MATSDA (Халықаралық даму ассоциациясы) эксперттері, МПМУ, Ресей Білім Академиясы және Халықаралық баспагерлер ассоциациясы эксперттері өз тәжірибелерін ортаға салады.

Халықаралық семинарға қатысушылары: «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман-ПВ», т.б. баспалардың авторлары мен отандық эксперттер оқулықтар төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылап, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алу мақсатын көздеп отыр.

Бұл семинарда отандық мектептеріміздің білім беру жүйесі талқыға салынып, бастауыш мектептерінің стандарттары, қазіргі білім беру мазмұны, соңғы әлемдік инновациялық деңгейдегі мұғалімдерге арналған оқулықтар мен әдістемелер шығару секілді мәселелер қозғалады.

Семинар желтоқсанның 12-сі күні аяқталады.

Cурет: ©massaget.kz

Ф. Абилова