«Халықтың сүйіктісі-2014» ұлттық жүлдесі үшін дауыс беру аяқталды

«Халықтың сүйіктісі-2014» ұлттық жүлдесі үшін дауыс беру аяқталды

Кеше «Халықтың сүйіктісі-2014» ұлттық жүлдесіне дауыс беру өз мәресіне жетті. Ақтық сында бізбен бірге болып, атсалысып, сүйікті порталына дауыс берген Massaget.kz оқырмандарына үлкен алғыс айтамыз! 

Халық сүйіктілерін қоғаммен таныстырған байқау осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Әлеуметтік желілерде дауыс беру 25 қазан күні басталып, 10 қараша күні, яғни, кеше аяқталды. «Халықтың сүйіктісі – 2014» жүлдесінде «Жалынды интернет басылым» аталымы бойынша Massaget.kz порталы да бақ сынады. Жеңіске жеткізер соңғы қадамды оқырман қауым дауыс беру арқылы жасады. Енді бізге нәтижесін күту ғана қалды.

Ресми түрде марапаттау рәсімі желтоқсан айының басында өтеді. Дауыс беру нәтижесін мына сілтемеден көре аласыздар. Бұл нәтижеге үн қосқан сүйікті оқырмандарымызға айтар алғысымыз шексіз!

Сурет: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы