Ертегілер еліне саяхат жасаңыз

Ертегілер еліне саяхат жасаңыз

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  балалар мен жасөспірімдер театры шақырады.

Қазан айының 17, 18, 23 жұлдызында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында әйгілі ағылшын жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Редьярд Киплингтің ең үздік шығармасы Маугли хикаясы сахналанады. Қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері  Жанат Хаджиев. Қоюшы-суретшісі  Камила Құрманбекова. Балетмейстер  Ринат Билибаев. Сондай-ақ музыкамен көркемдеуші және режиссердің ассистенті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет»  орденінің  иегері   Сағызбай Қарабалин. Режиссердің көмекшісі  Гүлфайруз Смаилова.

Театр сахнасында Р.Киплингтің бөрі бала туралы Маугли ертегісі кішкентай көрермендердің назарына ұсынылады. Үстемдік пен талас-тартысқа толы Маугли ертегісінде ынтымақ пен бірлік жеңеді. Бөрі бала қойылымы балаларды батылдыққа баулитын бағалы шығармалардың бірі. 

Өтетін күні: 17, 18, 23 қазан , 2014 жыл

Басталуы: сағат 12.00-де

Өтетін орны:  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  балалар мен жасөспірімдер театры 

Анықтама  телефон:  273-22-48

Толғанай  87028880389

Дайындаған: Жасұлан Исакаев

Сурет: teatr-musrepov.kz

Ж. Исакаев