Қыздар университетінде ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу өтеді

Қыздар университетінде ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу өтеді

Ертең, 2 қазан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойы аясында кездесу өтеді. Арулар ордасы құрылған кезде дүниеге келген танымал ақын оқу орнының 1966 жылғы түлегі.  

Атап өте кетейік, айтулы ақынның мерейтойы Қыздар университетінің 70 жылдық мерейлі тойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Жастарға әдеби мұраны насихаттау мақсатында өтетін кеште ақынның өлеңдері оқылып, сөздеріне жазылған әндер шырқалады. Сондай-ақ, ақын шығармашылығының сан қыры сөз болып, қазақ поэзиясының падишасына құрмет көрсетілетін болады.

Кешке Қазақстан Жазушылар Одағының өкілдері, танымал ақын-жазушылар,  Қыздар университетінің ұстаздары мен ақынжанды студенттер қатысады.

Өтетін күні: 2 қазан, 2014 жыл

Басталуы: сағат 16.00-де

Өтетін орны: ҚазМемҚызПУ, Гоголь көшесі, 114, Акт залы, 3-қабат

Қосымша ақпарат үшін: «Қыздар университеті» медиа орталығы 8 (727) 279 38 05 

 

Дайындаған: Шаттық Қали

Сурет: baq.kz

М. Оңғарова