Ұлытау экспедициясының баспасөз конференциясы өтеді

Ұлытау экспедициясының баспасөз конференциясы өтеді

"Қазақстанның Ұлттық Географиялық Қоғамы" қазақстандық БАҚ өкілдерін Ұлытауға жасайтын кешенді экспедицияға қатысты 2014 жылғы 8 тамызда өткізілетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырады. Жалпы ұйымдастырылып жатқан экспедиция ағымдағы жылдың 11 - 22 тамыз  аралығында болады.

Ұлытау экспедициясының мақсаты Ұлытаудың мәдени-тарихи және рухани мұрасын жаңғырту, дамыту, көпшілікке тарату және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізу болып табылады.

Баспасөз конференциясы 2014 жылдың 8 тамызында, сағат 10:00-де Назарбаев Университеті, BG ғылыми кітапханасында өткізіледі.

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 53 үй, 9-шы блок, 1-ші қабат (кірген кезде солға қарай)

Тіркеу және қосымша ақпарат алуға арналған байланыстар:

«Қазақстандық ұлттық географиялық қоғам» РҚБ

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 53 үй, 39-блок, 89-кеңсе

Тел: +7(7172) 706598, 706607, 709341

Email: kazgeography@nu.edu.kz

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.lada.kz

Ж. Өрісбай