ТКТ қорытындысы бойынша 9 талапкер мүмкін болған 100 балды жинай алды

ТКТ қорытындысы бойынша 9 талапкер мүмкін болған 100 балды жинай алды

2014 жылғы талапкерлердің кешенді тестілеуінің 4-ші cоңғы күні өткізілді, деп хабарлайды ҰТО.

19-22 шілдеде өткізілген тестілеуге 84490 талапкер қатысты, оның ішінде 57308 талапкер қазақ тілінде, 27182 талапкер орыс тілінде тестілеу тапсырды.

4 күн ішінде өткізілген тестілеуде мүмкін болған ең жоғары балл – 100 балды 9 талапкер жинады:

- Тәттіғалиев Ерлан Манапұлы (Алматы қ.);

- Бұқатаев Руслан Маратұлы (Ақтөбе қ.);

- Асанов Бауыржан Үсенбайоғлы (Шымкент қ.);

- Қабашова Жанна Мұратбекқызы (Өскемен қ.);

Құсайынов Әділет Рысқалиұлы (Алматы қ.);

- Садықова Тыныштық Мұратханқызы (Семей қ.);

- Құлтаев Ермахан Ғалиұлы (Тараз қ.);

- Асылханова Гүлдана Мұхтарқызы (Павлодар қ.);

- Бабақ Жібек Жәмжетқызы (Тараз қ.).

Төртінші күнгі тестілеу 14 базалық ЖОО-да өткізілді.

Жалпы осы жылғы кешенді тестілеуге қатысты қорытындыны сарапқа салар болсақ, бұл жылы тестілеуден өтуге 87060 талапкер өтініш білдірген. Ал оның 2570-сі өз білімін сынауға келмеген. Барлық тапсырған талапкерлердің 66 пайызы шектік деңгейден (50 балл) өте алмай қалған. Оның 60 пайызы қазақ тілінде тапсырғандар болса, қалған 36 пайызы орыс тілінде сынақтан өткен талапкерлер екен.

Барлық тестілеу өткізілген пункттерде тестілеу нәтижелері уақытында шығарылып отырылды, тестілеу нәтижесінің айтарлықтай кешіктірілуі тіркелген жоқ. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: astana.avizinfo.kz

Ж. Өрісбай