Талапкер назарына: ЖГТУ білім беру лицензиясынан айырылды

Талапкер назарына: ЖГТУ білім беру лицензиясынан айырылды

Жамбыл Гуманитарлық-Техникалық Университеті (ЖГТУ) білім ордасы ретінде жұмыс істемейтін болды. Бұл туралы Жамбылдағы баспасөз орталығында болған брифингте ҚР БҒМ білім беру комитетінің басшысы Забыр Оразалиев хабарлады.

З.Оразалиевтің айтуынша 2013 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік аттестаттау кезінде ЖГТУ-дағы 28 мамандықтың студенттері қатарынан 16-сы тестілеуде белгіленген мөлшерден асыра алмай қалған. Нәтижеде ЖГТУ-дың маман дайындау саласындағы мансабы екі айға тоқтатылады. Тағы екінші рет аттестаттау кезінде де төмен нәтиже болып, комитет мемлекеттік лицензияны алып қою мақсатында құжаттарды сотқа жібереді.

Төмен нәтижеден бөлек, білім беру саласында бірнеше нормаларды да бұзған болып шықты. Мұғалімдердің білім беру деңгейі мен ғылыми атақтарының мемлекеттік ережелерге сай келмегендіктен, комитет осындай шешім қабылдап отыр.

ЖОО-дарының заманауи қалпын сақтау бойынша республикалық комиссияның мүшесі, Тараз Мемлекеттік Университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков ЖГТУ ұжымы мен студенттерінің біріккен жиыны болғанын айтады. Жиында ТарМУ ректоры ЖГТУ студенттерінің барлығы басқа аймақтық ЖОО-дарына ауыстырылатынын нақты айтып өтті. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.zhgtu.kz

Ж. Өрісбай