Кітапсүйер қауымды AlmatyBookExpo шақырады!

Кітапсүйер қауымды AlmatyBookExpo шақырады!

29-30 мамыр аралығында Алматы қаласында Халықаралық кітап көрмесі өтеді. Қатысушылардың ішінде «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Мектеп», «Фоллиант» секілді қазақстандық баспалар бар. Сонымен қатар, Қытай, Түркия және ТМД мемлекеттерінің полиграфтары, әдебиет уәкілдері және кітап дүкендері де ат салысады. Аталған көрмеде әртүрлі жетекшілердің экспонаты ұсынылады.

Көрме кезінде Олжас Сүлейменов, Роллан Сейсенбаев, Смағұл Елубай секілді жазушылармен кездесу ұйымдастырылады.

Қазақстандық баспалар жаңа кітап баспаларын жұрт назарына ұсынады. Сонымен қатар жетекші баспалардан шыққан кітап пен қаламгерлердің эксклюзивті туындыларын сатып алуыңызға болады. 

Кіру тегін. Уақыты: 9.00

Өтетін жері: ҚазҰУ, әл-Фараби даңғылы, 71 (Тимирязев көшесі, 46)

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: vsekuponi.kz

Н. Нұрмаханұлы