Лондондағы Бизнес және Қаржы мектебінің таныстырылуы Алматы мен Астанада өтеді

Лондондағы Бизнес және Қаржы мектебінің таныстырылуы Алматы мен Астанада өтеді

Арнайы іс-шара қаржы, менеджмент және бизнес саласында Ұлыбританияда жоғары білім (бакалавриат және магистратура) алуды мақсат еткен талапкерлер мен олардың ата-аналары, ЖОО оқытушылары мен білім беру саласында жұмыс атқарып жүрген мамандарға арналады.

Алматы: 29 мамыр, 2014 жыл, 17:00

Астана: 31 мамыр, 2014 жыл, 15:00

Іс-шара өтетін орын:

Алматы: LSBF бизнес мектебінің өкілеттік кеңсесі, Әл-Фараби даңғылы, 17, 1605 кеңсе, 16 қабат, «Нұрлы Тау» бизнес-орталығы, 4В;

Астана: Кенесары даңғылы, 69, «Каменный» кешені, 2 кеңсе;

Аталған іс-шараның мақсаты шетелдік университеттерде білім алғысы келетін талапкерлер мен студенттерге ұсыныс хаттарды және басқа да құжаттарды дұрыс толтыруды үйретуге негізделеді. LSBF кеш барысында келген талапкерлердің арасында ұсыныс хат жазу бойынша байқау өткізеді. Үздік атанған талапкер LSBF бизнес-мектебінің кез-келген бағдарламасына 15 % жеңілдік алады.

Байқауға қатыспайтын бағдарламалар: Халықаралық Бизнес Магистрі (MIB), GGSB  Қаржы Магистрі, GGSB Менеджмент, Сән және Дизайн Магистрі,

LSBF бағдарламаларының ашық есіктер күні  негізгі орталығы Лондонда орналасқан LSBF бизнес-мектебі мен Ганновер (Германия) қаласындағы GISMA бизнес-мектебінің бағдарламаларын ұсынатын болады.

Іс-шараға қатысу тегін. Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Тіркелу:

Телефон арқылы  (Алматы): +7 727 311 17 13, +7 727 311 17 14

Телефон арқылы (Астана): +7 778 555 30 42

Email арқылы: Kazakhstan@lsbf.org.uk немесе мына сілтемедегі парақшаның оң жақ бөлігінде тіркелу арқылы;

Іс-шараның бағдарламасы:

  • LSBF бизнес-мектебімен танысу: оқу жүйесінің артықшылығы, аккредитация, сапалы білім;
  • Бакалаврлық және Магистрлік немесе Foundation бағдарламаларымен таныстыру, Ганновердегі ағылшын және неміс тілдерін оқыту курстары;
  • Лондон, Бирмингем, Торонто, Ганновер және Сингапур қалаларында орналасқан LSBF ағылшын тілі мектептерінің бағдарламалары (IELTS, қаржы және Business English, базалық ағылшын тілі, академиялық ағылшын тілі);
  • Күндізгі және қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері;
  • Онлайн оқыту: оқыту барысы, артықшылықтары мен кемшіліктері,
  • LSBF бағдарламаларына тіркелу, бағасы, тағы басқа шетелде білім алуға қатысты сұрақтарды талдау;

 

Тағы да оқи отырыңыздар:

Германияда білім алудың мүмкіндіктері

Қытайда оқығыңыз келе ме?

Нью-Йоркте білім алғыңыз келе ме?

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.lsbf.org.uk

Ж. Өрісбай