Эразмус Мундус қандай бағдарлама?

Эразмус Мундус қандай бағдарлама?

Эразмус Мундус (ағыл. Erasmus Mundus) — студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша жоғары білімінің сапасын көтеру мақсатында Еуропалық Одақтың бастамасымен және үдемелі қаржыландыруымен құрылған халықаралық бағдарлама. Бағдарлама дамушы елдердің студенттеріне Еуропаның жоғары оқу орындарында мәдени және ғылыми тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктер береді.

Бағдарлама үш бағытта жұмыс жасайды:

  • Шәкіртақымен қамтамасыз ететін өзара магистрлік және докторлық бағдарламалар;
  • Университетаралық серіктестік;
  • Еуропаның жоғары білім беру жүйесіне әлем студенттерін баулу.

Ұсынылатын гранттар мен шәкіртақылар оқудың ақысын, медициналық сақтандыру полисін, тұру мен жолдың ақысының толық немесе жартылай төлемін қамтамасыз етеді. Бағдарламаға бакалавр, магистр, докторант, жас ғалым және оқытушы қатыса алады. Эразмус Мундус бағдарламасына Еуропа университеттерінің 90%-ға жуығы қатысады. 1987 жылдан өз жұмысын бастағалы бері, бағдарламаға 1,9 млн студент қатысқан. Еуропаның 31 мемлекетінде орналасқан 3100 жоғары оқу орны бағдарламамен келісімге отырған және де басқа университеттер қатысуға қызығушылығын танытып отыр.

ЭРАСМУС МУНДУСҚА КІМ НЕМЕСЕ ҚАЙ ОҚУ ОРЫНЫ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

  • ЕуроОдақ мүшесі болған кез-келген елдің университеті;
  • Жеке тапсырушылар: студенттер, оқытушылар,университеттің ғылыми және әкімшіліктік қызметкері;
  • Жоғары білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан ғылыми институттар мен ұйымдар;

БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ?

Еуропалық Одақтың мәдени білім беру жөніндегі Атқарушы Агенттігі Эразмус Мундус бағдарламасының негізгі үндеуші күші болып табылады. Агеттік жыл сайын бағдарламаға қатысушы үміткерлер өтініштерін қабылдаумен айналысады. Толық ақпарат бағдарламаның ресми сайтында жарияланады: https://www.studying-in-uk.org/erasmus-mundus-scholarship/ 

Әрекет-1. Студенттер, оқытушылар, жас ғалымдар мен университеттің арнайы мамандары Эразмус Мундус бағдарламасында көрсетілген шәкіртақылар мен қамтылған университеттер туралы ақпаратпен танысып, өз бағытын нақтылап алуы тиіс. Әр үміткердің өзіндік талаптарын бағдарламамен салыстырады. Ал өтініш тапсыру мерзімі мен құжаттар тізімі арнайы сайтта көрсетілген.

Әрекет-2. Жоғары білім беру саласында жұмыс атқаратын ЖОО-дары  мен зерттеу орталықтары ЭМ бағдарламасының ережелерімен келісе отырып, барлық көрсетілген құжаттарды ЕО-тың Атқарушы Агенттігіне жіберу арқылы келісімге отырады.

ЭРАЗМУС МУНДУСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ

Қазіргі кезде кез келген үміткерге осы бағдарламаға тапсырудың ешқандай аймақтық шектеу қойылмаған және белгілі пәндердің сәйкес келуі де маңызды емес. Тура келмеген сабақтарды қашықтық оқытумен толықтыруға болады.

Қабылдаудың жалпы талаптары мен емтихандары: студенттер қабылдау ережелеріне байланысты белгілі курста өзге тілде жоғарғы білімін жалғастыруға қабілетті болу керек. Оған өзінің ЖОО-да тапсырған емтихандар нәтижесі бекітілсе болғаны, жалпы консорциум(келісім) бойынша қабылданады.

Ұтқырлық – таңдалған үш университеттің, ең болмағанда, екеуінде оқуға мүмкіндігі көбірек болуға тиіс және сол ЖОО-ның оқу үдерісі және жоспарымен танысқан болуы керек. Сонымен қатар, студент уақыт көлемінде екі бірдей(double degree) немесе бірнеше(multiple degree) университетте білім алуға да жағдай жасалған. Алдымен, «негізгі» деп табылған университеттің дәрістерге қатыса отырып, қашықтықта оқыту арқылы басқа университеттен екінші сертификатты (дипломды) алу мүмкіндіктері қаралған. Бағдарламаға қатысушы студенттер оқу барысында, кем дегенде, екі түрлі шет тілін меңгере алады. Себебі білім беру кез-келген шетелдік студентке екі тілде өтіледі. Ал сол мемлекеттің жергілікті тілін қоса оқыту бағдарламада қамтылмаған. Дегенмен, ел мәдениетін тану немесе жергілікті мекенге бейімделу мақсатында қосымша дәрістер ұйымдастырылады.

СТУДЕНТТЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Академиялық ұтқырлық: бір жылдық оқу курсына (нақты 10 ай) әрбір студентке 21 000 еуро көлемінде бөлінеді. Оның ішінде шәкіртақы 1000 еуро/айына,тұратын орын, тамақтану,  барлық транспорттық шығындар мен оқуға төленетін қаржы кіреді. Ал екі жылдық оқу үдерісі болса, 42 000 еуро болады.

ШАРТТАРЫ

Ғылыми жұмысыңызды толықтырамын десеңіз(егер жас ғалым болсаңыз) үш айлық мерзімге бағдарлама аясында жоғарыда көрсетілген магистрлік курстарына өтініш бере аласыз. Оның талаптары біршама күрделілеу болып келеді. Толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыз:  https://www.studying-in-uk.org/erasmus-mundus-scholarship/ 

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Ғалымдардың академиялық ұтқырлығы: бір ғалымға 13 000 еуро бөлінеді. Оның ішінде 4000 еуро/айына және 1000 еуро транспорттық шығындарды қамтиды. Бірақ медициналық сақтандыру ғалымның жеке шотынан жасалынады.

ӨТІНІШ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ

Шәкіртақыға үміткерлер өтініштері мен толық талап етілетін құжаттар тізімін белгіленген уақыт межесінде тапсыруға тиіс. Ал ақпаратпен танысу барысында түсінбей қалған тұстарыңыз болса, бағдарламаның ресми сайтында сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беретін оператор болады.

Қосымша ақпараттар үшін: http://eacea.ec.europa.eu/erasmus_mundus

Эразмус Мундус бітірушілері мен студенттерінің қоғамы: http://www.em-a.eu

Эразмус Мундустың басқа да жобалары:
SILKROUTE  http://www.em-silkroute.eu/
CANEM II  http://www.canem.ulpgc.es/
GSMART  http://em-gsmart.zgis.net/
EACEA II   http://www.ef.uni-lj.si/euroasiancea
CASIA http://www.eu-casia.org 

2014-2015 жылдарға арналған шәкіртақылар маусымы ашық. Өтініштер 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:eacea.ec.europa.eu

Ж. Өрісбай