Білім және ғылым министрі болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды

Білім және ғылым министрі болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды

Қазақстан білім және ғылым министрі ауысты. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Білім және ғылым министрі болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды. Бұған дейін Аслан Сәрінжіпов АҚ "Назарбаев Университетінің" атқарушы кеңесінің төрағасы болып келген.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы білім және ғылым қызметінен босатылды. Бақытжан Жұмағұловтың жұмыстан кету себебі және алдағы уақытта қандай қызмет атқаратыны әзірге белгісіз. Айта кетсек, ол Білім және ғылым министрлігін 3 жыл басқарған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: tengrinews.kz

Ж. FM