Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Хабарландыру / Жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Елімізде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің шешімі бойынша 2013-2014 жылғы оқу жылы 2 қыркүйектен басталатындығы бекітілді.

Биылғы оқу жылында мектепке дейінгі даярлық сыныптары 32 оқу аптасы бойынша білім алса, 1 сынып оқушылары 33 оқу аптасы бойынша, ал 2-11 сыныптың оқушылары 34 оқу аптасы бойынша сабақ оқитын болады.

Демалыстардың уақыты да белгілі болды: 1-11 және 12 жылдық білім алатын эксперименттік сыныптар күзде 8 күн демалады. Бұл демалыс 2013 жылдың 4 қарашасынан 11 қарашасына дейін созылады. Ал қысқы демалысқа 10 күн беріледі. Ол 2013 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, 2014 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады. Ал көктемгі демалыстың еншісіне 12 күн бұйырыпты. Бұл демалыс 2014 жылдың 20 наурызы мен 31 наурызына дейін созылмақ.

Ал мектепке дейінгі даярлық сыныптары үшін де күзгі демалыс 8 күнге созылады. Уақыты дәл 1-11 сынып оқушыларыныкіндей. Ал қысқы демалыста олар 2013 жылдың 28 желтоқсанынан 2014 жылдың 10 қаңтарына дейін 14 күн демалатын болады. Ал көктемгі демалыста мектепке дейінгі даярлық сыныптарының оқушылары 15 күн демала алады. Демалыс 2014 жылдың 20 наурызынан басталып 3 сәуіріне дейін жалғасады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі даярлық сыныптарында оқитын кішкентай отандастарымыз бен 1 сынып оқушыларына арналған тағы да қосымша демалыс күндері бекітілген. Бұл  демалыс 2014 жылдың 3 ақпаны мен 9 ақпаны аралығында 7 күнге созылады.

Бұйрық бойынша, барлық білім ордаларында 2013 жылдың 1 қыркүйегінде «Қазақстан Стратегиясы - 2050: бір ұлт – бір мемлекет – бір тағдыр» атты салтанатты жиын өтуі керек. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: pro-goroda.ru 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 тамыз 2013, 15:17
Пікірлер
+0
27 тамыз 2013, 16:13

жақсы болды, пробка бір күнге болса да кешігетін болды :D

+0
27 тамыз 2013, 17:11

ех, - қыркүйекке қатты дайындалушы ем. Жаңадан алған киімдерді киіп барғанша, заттарды ұстағанша асығып...

+0
27 тамыз 2013, 17:22

барып өзіме бір ақ жейде алмасам...

+0
27 тамыз 2013, 21:36

Барғың келмейді ғо :(

+0
28 тамыз 2013, 01:44

:cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.