Оқуға үйде отырып құжат тапсыруға болады

Оқуға үйде отырып құжат тапсыруға болады

Енді қазақстандық талапкерлер жоғары оқу орнына онлайн-тәсілмен түсе алады. Электронды үкімет порталында жаңа қызмет пайда болды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мамандарының хабарлауынша, www.egov.kz порталындағы «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметінің көмегімен талапкерлер еліміздегі 18 университеттің біріне түсуге мүмкіндік алды. Электронды қолтаңба болса, ЖОО-ға үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Ол үшін www.egov.kz порталының «Білім» бөліміне кіріп, Е-learning ақпараттық жүйесінде мәліметтері болмаған жағдайда білімі туралы құжаттардың сканерленген көшірмесін тіркеу қажет. Өтінім электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Егер өтінім білім гранты бойынша тапсырылған болса, оқуға қабылданғаны туралы хабарлама қолданушының жеке кабинетіне үш жұмыс күні ішінде түседі. Ал талапкер ақылы негізде түсетін болса, онда осы уақыт аралығында төлем жүргізу қажеттігі туралы хабарлама келеді.

Электронды үкімет порталында құқық қорғау және арнайы органдар ЖОО-ларына, ұшқыштарды дайындайтын және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша құжат тапсыру мүмкін болмайды.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: egov.kz

А. Құлтай