"Яндекс" үміткерлерді тағылымдамадан өтуге шақырады

Яндекс компаниясы үміткерлерді өз компаниясында тағылымдамадан өтуге шақырады.

Тағылымдама кезінде үміткерлер тәжірибелі мамандардан үйреніп, жеке қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болады және де интернет-сервистер жасау бойынша Яндексте жұмыстың қалай жүретінін біліп шыға алады. Тағылымдамадан өтудің орташа мерзімі үш айдан алты айға дейін жалғасады. Егер тағылымдамадан сәтті өткен жағдайда үміткерлерге тұрақты жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Тағылымдама жұмыс пен оқуды қатар алып жүруге мүмкіндік береді: тапсырма мен жұмыс кестесі әрбір тағылымдамадан өтушіге әр түрлі болады. Үміткерлер компанияның мәскеулік немесе петербургтік кеңселерінде жұмыс істей алады.

Үміткерлерге жалақы төленеді, сонымен қатар тегін түскі ас та қарастырылған.

Үміткерлерге қойылатын талап

Тағылымдамаға студенттер, аспиранттар және ЖОО түлектері шақырылады. Жұмыс тәжірибесі – міндетті талап емес. Үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

- Жақсы бағдарламашы болу;

- Өндірістік бағдарламалауға қызығушылығы болу;

- C++, Java, Perl, Python, JavaScript секілді бағдарламалау тілдерінің біреуімен таныс болуы;

- Linux-пен жұмыс істеп үйренуге ниетті болу.

Өтініш білдіру ережесі

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін міндетті түрде сұранымды толтырулары қажет. Әрбір қатысушымен компания өкілдері сұраным қабылданғаннан уақыттан кейін үш апта ішінде хабарласады. Сосын сәтті үміткерлер Яндекс қызметкерлерімен әңгімелесуге шақырылады. Әңгімелесуде оларға математикадан не болмаса бағдарламалаудан есеп шығаруды ұсынылатын болады.

Сұранымдар жыл соңына дейін қабылданады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: webmasterik.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тарихы: Ұлы адамдар достығы
Қазақ тарихы: Ұлы адамдар достығы
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды