Кешенді тестілеу өткізу уақыты белгілі болды

Кешенді тестілеу өткізу уақыты белгілі болды

2013 жылы талапкерлердің кешенді тестілеуден өтуі Қазақстан бойынша шілденің 17-күні басталады, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығы.

КТ ағымдағы жылы шілденің 17-23 күндері аралығында 35 жоғары оқу орнында өтетін болады.  

Айта кетсек, емтихан талапкерлердің қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде 4 төрт пән бойынша, атап айтсақ, оқу тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.

Тестілеуге қатысу үшін үміткерлер  20 маусым мен 9 шілде күндері аралығында ЖОО қабылдау комиссияларына тиісті құжаттарды тапсырулары қажет.

Талап етілетін құжаттар:

Белгіленген үлгідегі өтініш;

Жалпы орта  оқу орнын бітіргенін куәландыратын аттестат;

Тестілеу ақысын төлеген түбіртек;

3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

086-У нысанындағы медициналық анықтама;

Жеке куәлік көшірмесі.

Айта кетсек, түсу емтиханының ақысы 2242 теңгені құрайды. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: lifecity.com.ua

Ж. FM