Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Куәгер көзімен / Білімге құштарлық деген осы болар...

Білімге құштарлық деген осы болар...

Білімге құштарлық деген осы болар...

Бұл балаларды құлағынан сүйреп мектепке алып барудың еш қажеті жоқ. Олар ешбір сабақты қалт жібермейді. Олар үй тапсырмасына салғырт қарап, бір-бірінен көшірмейді. Олардың білім нәрімен сусындағылары келеді. Және олар сол ниеттерінің жетегіне ілесіп, күн сайын таңертең Үндістан астанасы Делидегі көпірдің астына жиналады.

Мұнда Раджеш Кумар Шарма өз еркімен шалғай аймақтарда тұратын балалар үшін тегін мектеп ашқан. Өйткені, білімге шын ынталы оқушылардың ата-аналары ақшалары жоқ болғандықтан оларды толыққанды мектепке бере алмай отыр.

Сондықтан, Раджеш Кумар Шарма ұстаздың мектебі - әзірге білім алып, сауаттанудың жалғыз жолы болып тұр. Оқушылар көпір астындағы мектептің кедейліктен құтқарып, армандарының орындалуына жол ашатындығына шын сенеді.

Досының бастамасына Лакшми Чандра есімді азамат қолдау білдіріп, кедей отбасынан шыққан 30 балаға сабақ беруде.


"Мектепте" екі тақта мен екі орындықтан басқа ештеңе жоқ. Парта да, мектеп ғимараты да! Шалғай жерлерден жиналған оқушылар төселген алашалардың үстіне отырып оқуды, жазуды, есептеуді үйреніп жүр. Раджеш Кумар Шарманың айтуынша, балалар үш жылдан бері тегін біліп алып жатыр екен. Олардың ынталары мен қабілеттері өте жоғары көрінеді.

Үндістан жеріндегі мына қарадомалақ балалардың әрекеті - күн сайын сабақтан қашып кетуге әдеттенген, компьютермен, интерактивті тақталармен, жаңа үлгідегі парталармен жабдықталған тегін мектептерде білім алудан бас тартып, еркелікке бой алдырып жүрген миллиондаған оқушыларға үлгі бола алады деген үміттеміз.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4618 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 17:51
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 18:00

Апырмай... :(

+0
12 ақпан 2013, 18:07

қолда бардың қадірін білмейміз...

+0
12 ақпан 2013, 18:20

бұл балаларға білім керек-ақ.

+0
12 ақпан 2013, 18:36

Улжан Койшыманованын: "100мын $ болса не iстер едiнiз?" деген сурагына тагы бiр жауап!

+0
12 ақпан 2013, 19:18

Ананди кинодағыдай ертеректегі шығар деп жүрсем, қазір де бар екенғо. сұмдық өмір-ай дүние неткен қатыгез еді. осындай елдерге дамыған мемлекеттер ұйым құрып неге көмектеспейді екен

+0
20 ақпан 2013, 18:45

Өкінішті осындай жағдайлар әлі барлығы. Армандарына жетсе екен балалар

+0
20 ақпан 2013, 23:48

бар болса қадірлемейді жоқ болса құштар болады деген осы да

+0
04 наурыз 2013, 15:56

президенттері неге біздің президент сияқты мысалыға "100 мектеп, 100 аурухана" істерді жасамайды екен а

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...