Сағым – тылсым дүние ме?

Сағым – тылсым дүние ме?

Ауыл немесе қала арасына анда-санда жүріп қаламыз. Көліктің алғы орындығында отырсаңыз, сіз келе жатқан жолдың көкжиегі тұсында су жатқандай көрінеді. Күн шайдай ашық, ал жерде су жатыр...

Аға, түнде жаңбыр жауған ба?

- Жоқ, сағым ғой, Ол жерде ешқандай да су жоқ...

Осыдан-ақ белгілі. Ауаның тығыздығына байланысты жарық сәулесінің шағылуы. Күннің қызуы салдарынан жер беті бусанып жатқан кезде тіпті де анық көріне бастайды.

Сағым ерте заманнан-ақ адамзатқа белгілі. Әрқандай ертегі-аңыздардағы «аспанға жақын қала», «ауада ілініп тұрған қамал», «ұшып тұрған керуен» секілді детальдары оқиғалардың да негізгі себебі біздің айтып отырған – сағымымыз секілді.

Аристотельдің «Метеорология» еңбегінде Сиракуз мекендеушілері 150 шақырым жердегі Италия түбегін екі-үш сағат бойы көре алғаны туралы жазылады. Бұл құпия кейіннен ашылып, оның жоғары сағымның әсері екендігі туралы айтылды.

Ауада ұшып тұрған қайық. Сағым.
Ал сіз сағымның екі түрлі болатынын білесіз бе? Төменгі және жоғарғы сағым. Егер біріншісі, төменгі сағым жердің бетінен қызу көтерілген жағдайда көрінсе, ал екіншісі, яғни жоғарғы сағым керісінше, жер беті аязды болып, оған күннің түсірген жылуы әсер еткен жағдайда болады. Мұндай жағдайда әншейінде көкжиектің арғы жағындағы көрінбей тұрған нәрсе екі, тіпті үш есе үлкен болып көрінетіні таңғалдырады. Бұл құбылыс бірінші рет 1596 жылы-ақ байқалған. Виллем Баренцтың кемесі Солтүстік-шығыс өткелдегі мұзға тіреліп, қалып қойған кезде кеме экипажы полярлық түнді күтуі керек болады. Сонда кеме осы құбылыстың әсерінен құтқарушылар көзіне көрінген. Бұл құбылыс «Жаңа жердің эффектісі» деген атау алғаны да сондықтан. Ал мұндай құбылыс байқалған сәт суретке түсірілсе, ол «фата-моргана» суреті деп аталады.

Дерек: 1941 жылы 10 желтоқсан, сағат 11.00. «Вендор» британ кемесі Мальдив аралдарының аумағында жүзген. Кенет көкжиектен отқа оранған кеме көрінеді. Көмек қолын созуға желдей ұшқан ағылшындар оқиға орнына барғанда ешқандай да кеменің немесе оның сынығын таппайды. Ал кейін кеме командирі Үндістанға барғанда өздерінің көрген сұмдығы атақты «Рипалс» крейсерінің кемесі болып шыққан. Оған шабуыл жасап, өртеп жіберген жапондық торпеда тастағыштар екені анықталған. Ал жанып жатқан кемені «Вендор» британ кемесінің адамдары 900 шақырым шалғайдан-ақ көре алған болып шықты. Міне, мұның да жауабы – сағым...

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vokrugsveta.ru 

А. Құлтай