Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Көше кезушімен болған әңгіме

Көше кезушімен болған әңгіме

Өзі «нағыз бомжбын» деп қояды. Бірақ бұл жігітті бомж деуге келіңкіремейді. Ал жалпы үй-жайы, бала-шағасы бар. Кешеге дейін жұмысы да болған. Жанармай құю стансасында пистолетчик болып істепті. Бірақ 3-4 күн бұрын әйелімен ұрсысып, үйінен кетіп қалыпты.

Содан бері қаңғып жүр. Бір күн РОВД-да, бір күн вокзалда түнепті. Түнде далада жүрдім дейді. Жылына 3-4 рет бір айға жуық осылай реті келген жерге түнеп, қала кезіп кететін әдеті бар екен. Киген киімдеріне қарадым. Синтетика материалдан тігілген жұқа шалбар, жұқа көйлек. Шалбардың ішінде жылылық бар ма? Жоқ. Сыртында қыстық күртесі бар екен, бір тәуірі. Бірақ жалаңбас, аяғында топли. Екі топли да кішкентай башпайдың буын тұсынан тесілген. Бірақ аяқ-киімі таза, майланған.  

– Темекің жоқ па?
– Қойғам.

Қар екі күн тынбастан жауып, артынан қыстың ең аязды күндері басталған кез еді. Жылуы кете бастаған үш жылғы етіктен аяғым онсыз да жаурап жүр еді. Қазір башпайларымның ұшынан жан кете бастағандай.

Екеуміз біздің үйге келдік. Айтпақшы, бұл жігіт менің бір курстасымның досы еді. Баяғыда университетте оқып жүргенде жатақханаға келіп тұрды. Ішімдікке жақындау екенін алғаш көргенде-ақ байқағанбыз. «Сау кезінде қой аузынан шөп алмас та, ішіп алса байлап қоятын жындының нақ өзі» дейтін курстасым. Соңғы рет төрт жыл бұрын әлгі курстасымыздың тойында кездесіппіз. Той біткен соң 3-4 жігіт жабыла көтеріп апарып, машинаға басып жатқанын көргем. Әйелі келмеп еді.

– Мүмкіндік болса, мен аяғымды жуып жіберсем, а?

Түннен қалған тамақты жылытып, екі кесеге бөліп құйып едім, қазанның түбінде біраз қалып қойды. Сосын бір үлкен табақ алдым да, соған бір кеседегіні және қалған тамақты түгел құйдым. Тәрелкеде еті желініп, тек майы қалған үлкен бір кесек жылқының қазысы тұр екен, жемесе қалар деп оны да салдым.

Дастарқанға отырдық. Май туралы күмәнім бекер екен. Шанышқымен алып жатқанын көргем, келесі сәтте қолымен аузын сүртіп жатты. Содан соң бөлке нанның бір кесегін ыдыстағы тамағының үстіне салып жіберді де, қасықпен асап жей бастады. Мен де тәбетім ашылып, тамағыма кірістім.

– Милицияға не үшін түстің?
– Аялдамада отырып қалғып кеткен екем, алып кетті.
– Қызу ма едің?
– Иә, оның үстіне шаршағам, ұйықтамағам.
– Күні бойы далада жүреді екенсің. Сонда арақта қай жерде ішесің, көшеде ішкеніңді көрсе құртады ғой.
– Оның әдісі бар. Дәріханада сатылатын 50 грамдық шөлмектегі спирт бар емес пе? Кей дәріханада 60, кейбіреуінде 80 теңге тұрады. Соның бірнешеуін сатып алам. Содан соң дүкеннен жарым литрлік бір баклажка су алам. Суының жартысынан көбін төгіп тастаймын да, үстіне жаңағы спиртті құям. Болды, баклажканың аузынан ұрттап қойып жүре бересің, сені арақ ішіп бара жатыр деген ой ешкімнің басына келмейді. Чекушка сияқты емес, спирт мүлдем басыңды ауыртпайды.

– Жаңа қалтаңда жүрген «Фантаның» ішінде де спирт бар ма?
– Енді мына күннің суығында «Фантаның» құры өзін ішіп жүр деймісің?
– Тамақсыз арақты іше бергеннен іш-құрылысың не боп жатыр?
– Кейінгі кезде байқаймын, бауырдың саудасы біте бастаған сияқты. Оның үстіне кейде күйіп кеткен кезде спиртті таза күйінде іше салам.
– Түнде неге далада жүрдің? Вокзалға неге түнемедің?
– Түнеп шығарымды анық білсем, сол жер тыныш еді. Бірақ ондағылар да танып алған. Шығарып жібереді де кіргізбей қояды.
– Үйіңе неге бармайсың?
– Ішкен күннен-ақ үйге жолау деген жоқ қой. Қатын «ұрып-соқты» деп мілисаға ұстатып жібереді. Оның арты 15 күнге қамалу.
– Аяз тағы күшейгелі тұр. Бүгін біздің үйге түнеп шық.

Шыны ма дегендей бетіме қарап сәл отырды.
– Ондай мүмкіндік болса...
– Бірақ алдын-ала айтып қояйын, мұнда арақ іше алмайсың.
– Оған уәде бере алам.

Одан кейінгі әңгіме адамгершілік, жауапкершілік, намыс тақырыбына ауысты. «Кімнің алдындағы жауапкершілікті айтып отырмыз? Құдайдың, семьяның, әлде өзіңнің?» деп қалып едім. Көзін сығырайта қарады да, саусағын шошайтып «Әә, түсіндім не айтқалы отырғаныңды» деді. Тағы біраз отырған соң:

– Қой, бүгін мұнда қонбай-ақ қояйын, баратын жерлерім бар, деді.
 Не болды? Өкпелеп қалдың ба?
 Жоға.

Киініп далаға шықтық. Топлиын жалтырата шөткілеп жатыр.

 Киімдерімнің де жетпіс проценті өзімдікі емес. 
 Байқаймын, өзің аяқ-киімнің тазалығына қатты қарайтын көрінесің.

Мазақтағаным ба, әлде шын сүйсіндім бе, ол жағын ойланбадым.

 Ой бауырым, о не дегенің. Бұл менттердің сырын бір кісідей алып болдық емес пе. Олар алдымен аяқ-киіміңе қарайды ғой.
 Не үшін?
 Аяқ-киімің батпақ-батпақ болып жүрген адам – бір қуыстан арақ ішіп шыққан адам болуы мүмкін. Дереу тоқтатып тексере бастайды.

Сарайда жарты қорап темекі жатқан еді, соны ұсындым. Ерні шүртиіп кетті, ішінен бір данасын алмақ болды. 

 Бәрін ал, мен қойып жүрмін.
 Ой мынауың тәуір болды-ау.

Бір талын тістеді де әжетханаға кетті.

 Біз сияқты далада жүретін адамға тамақты көп жеуге болмайды негізі,– деді қайтып келген соң.
– Неге?
 Кіші дәрет болса ештеңе емес, бір қуысқа бұрыла саласың. Үлкені қысқанда жаман да. Жынданып кете жаздайсың, алдыңнан шыққан адамды құлақ-шекеден періп жібергің келеді. Өткенде сөйтіп аласұрып келе жатқанда бір таныс кісі кезігіп қалды. Қайта жақын маңда тұрады екен. Сол күні үйіне түнеп бір-ақ кеттім. Біздің қалада дәретхана деген үлкен проблема ғой,– деді ол темекі ұстаған қолын аузынан төмен түсірмеген күйі.

Кеш батып бара жатқан, далада жарты сағат тұрғанға жаурай бастадым. Қоштасудың ретін таппай тұрмын. «Арақты тоқтатып, үйіңе барсайшы» деуге бағана ақыл айтқанды онша ұнатпайтынын байқағам.

Бірдеңе айта алмай тұрғандай, әлде менің бірдеңе айтуымды күтетіндей көрінді. Үйге кірген соң терезеге барып артынан қарадым. Арқасына жүк артып қойғандай бүкшие жүріп бара жатыр. Басын қисайтып, құлағын күртесінің жағасына тықты. Неге қонғысы келмеді екен деп ойладым.

jaqsy.kz

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: fishki.net
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2016, 14:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.