Неміс кемпірі Гитлердің қол астында қалай жұмыс істегенін айтып берді

Неміс кемпірі Гитлердің қол астында қалай жұмыс істегенін айтып берді

Марго Воелк есімді неміс ардагерінің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде не жұмыс атқарғанын айтуға батылы барып, мына оқиғаны баяндады.

«Жұбайым әскерде қызмет етіп жүрген кезінде, мен әуе шабуылынан сақтану мақсатында Берлиннен Растенбургке (қазір Кентшин деп аталатын Польша қаласы) бардым. Сосын мені азаматтық қызметке «Қасқыр апаны» (Wolfsschanze) деген жерге алып кетті. Ол фюрердің Польшадағы құпия басқару орталығы екен. Сосын білуімше менімен бірге келген тағы 14 қыз, барлығымыз Гитлердің дегустаторы болып қызмет ететін болыппыз», - деп еске алады Марго.

"Қасқыр апаны"

Келесі екі жарым жыл бойы, өз өмірі үшін қорқумен, неміс әйелі Гитлердің үстеліне қойылатын тағамдардың барлығын татып көрумен болған. Бұл жұмыстың бір ғана артықшылығы болыпты. Азық-түлік тапшы болған кезеңде, Воелк қашанда тоқ жүрген.

«Гитлер вегетариан болған. «Қасқыр апанында» өткізген бар ғұмырым бойы бірде-бір рет ет жеп көрмедім. Гитлер ағылшындардың өзін улап қоюынан қорқатын болған. Сондықтан оның 15 дегустаторы болды. Үстелге қойылатын түрлі салаттардан бастап, барлық ас түрлерін алдымен біз татып көретінбіз. Содан кейін ғана көшбасшы ас үстеліне жақындайтын. Дегенмен, біз ол тағамдарды ләззаттанып жемейтінбіз. Себебі әрбір тағамды байқап көру өлімге алып келуі мүмкін еді. Әркез үстелге отырған кезде, бұл біздің соңғы дәм татуымыз деп ойлаудан қорқатын едік», - дейді көп жасты өткерген кәрі кісі.

Гитлер және Польшадағы "СС" құрамы

Гитлердің өлімі оқыстан болуы жазылмаған екен. 1944 жылы 20 шілдеде полковник Клаус Шенк фон Штауффенберг жиналыс болатын бөлмеде бомбаны жарып, фюрерді өлтіруге тырысады. «Біз сол кезде ағаш орындықтарда отырған едік. Сосын біреу «Гитлер өлді» деген айқаймен шықты. Дегенмен ол өлмеген еді», - дейді күрсініп Воелк, - «Осы оқиғадан кейін қатаң бақылау тәртібі іске қосылды. Ал күзге қарай Гитлер мүлде Польшадан кейін қайтып кетті. Бірнеше ай өткеннен кейін «СС» қызметкері кеңес әскерлерінің шабуылға өткенін айтып, біздің қайтуымызды бұйырды».

Марго осыдан кейін Берлинге қайта оралып, қарапайым күнін кеше береді. Жасы 95-ке келіп тірелгенде, ішіндегі бар сырын осылай жұршылыққа айтып бергісі келген екен.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.fresher.ru

Ж. Өрісбай