Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысы

Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысы
Фото: yandex.kz

Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған алапат соғыс. Барлық құрлық пен мұхитты қамтыған, алты жылға созылған соғыс болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста 36 мемлекет қатысқан болса, бұл майданға 61 мемлекет қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғыс та бірінші дүниежүзілік соғыс сияқты капиталисттік елдер арасындағы қарама-қайшылықтың күрт ушығуынан, импералисттік елдердің бір-біріне қырын қарауынан пайда болды. Германия, Италия және Жапония сынды қарулаған мемлекеттердің Версаль-Вашингтон жүйесіне көңілдері толмады. Бұл келісімшарт Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жасалған әрі АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдердің билігі үстемдік құрып, отар елдер мен олардың шикізаттарына ие болып қалыпты. Бұл Германия, Италия мен Жапонияға ұнамады. Олар әлемді қайтадан бөліскісі келді.

Содан Германия Кеңес Одағын талқандап, Африка мен Азияны жаулап алуға есеп құрды. Италия Жерорта теңізін «Италия көліне» айналдырып, Балқан түбегі мен Таяу Шығысты, Шығыс және Солтүстік Африканың бір бөліктерін өзіне бағындыруды көкседі. Ал Кореяны иемденіп алған Жапония Қытайды, Кеңес Одағының бір бөлігін, Малайзия, Бирма, Индонезия мен Филиппин сияқты оңтүстік-шығыс Азия елдерін басып алуға ниеттенді.

Бір сөзбен айтқанда, бастан-аяқ қаруланған Германия мен Жапония әлем елдерін екіге бөліп алуды ғана көздеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай жатып-ақ Италия Эфиопия мен Албанияны, ал Германия Аустрия мен Чехославакияны басып алды. Жапония 1931 жылы Манчьжурияны (Қытайдың шығысы) өзіне қаратып, 1937 жылдан бастап Қытайға қарсы әскери қимылдар бастады. Бейжің, Шанхай, Нанкин қалаларын басып алды. Ал 1938 және 1939 жылдары Кеңес Одағы мен Моңғолияның территориясына басып кірмек болды, бірақ кеңес және моңғол әскерлері тойтарыс бере алды.

Гитлер басқарған Германияның 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Польшаға жасаған шабуылы Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанының дәлелі еді. Польшаның одақтастары – Ұлыбритания мен Франция 1939 жылдың 3 қыркүйегінде Германияға соғыс жариялаған соң, соғыс дүниежүзілік сипат алды. Ұлыбританияның Үндістан, Канада, Оңтүстік Африка, Аустралия сынды отар елдері де соғысқа кірісті. Ал АҚШ бейтарап күйде қалатынын мәлімдеді. Соғысқа дайындалып үлгермеген Италия Германияның «соғыспайтын одақтасы» атанып, әліптің аяғын бақты.

1939 жылдың қыркүйегінде неміс әскерлері Варшаманы басып алып, қазан айының басында поляк армиясының қарсылық көрсеткен соңғы ошақтарын талқандады. Польша жеңілді. Содан кейін Кеңес үкіметі шекарасын қорғап, Украинаның батысы мен Белоруссияның батысын қорғау үшін әскери іс-шараларға кірісті. Польша жерінде неміс мен кеңес әскерлері бір-бірінің шекарасын белгілеп, соғысқа бірден кірісе қойған жоқ.

1939 жылы қыркүйекте Гермения мен Кеңес одағы Мәскеуде «Достық және шекара туралы» келісімге қол қойды. Алайда соған қарамастан 1940 жылы желтоқсаанда Гитлер «Барбаросс жоспарына» қол қойып, неміс армиясының үш тобын Ленинград, Мәскеу және Киев бағытында шабуылға шығып, КСРО-ның батыс бөлігінде кеңес әскерлерін тез қоршап алып, құртып жіберуге тиіс болды. Неміс әскерінің мұндағы мақсаты Еділ мен Архангельск желісінде тұрған кеңес әскерін талқандап, Орал өнеркәсібінің тас-талқанын шығару еді.

Польшаның бұрынғы одақтарстары – Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялаумен ғана шектеліп, кеңес әскерлеріне көмек көрсеткен жоқ. Мұны көрген Германия да Батыс Еуропаны тез жаулап алуға жанталасты. Сөйтіп, 1940 жылды сәуір-мамыр айларында неміс әскері Дания мен Норвегияны басып алды. Сол жылдың мамырында Бельгия мен Нидерландыны, Люксембургты бағындырған неміс әскерлері Францияға енді.

1940 жылы маусымда Франция тізе бүкті. 1941 жылдың сәуірінде Германия Грекция мен Югославияны жаулап алды.

1941 жылы желтоқсанда Жапония АҚШ-қа қарсы соғыс жариялап, Американың Гавай аралдарындағы әскер базасында шабыл жасады. Малайзия мен Индонезияны, Филиппин мен Бирманы басып алған Жапония енді Аустралияға қоқан-лоқы көрсете бастады. Осы Италия мен Германия да АҚШ-қа қарсы соғыс жариялады.

Берлинде 1940 жылдың 27 қыркүйегінде Германия, Жапония және Италия арасында үшжақты (Берлин-Рим-Токио өсі) әскери келісімшарт жасалды. Сол жылдың соңына қарай ол келісімшартқа Венгрия, Румыния мен Финляндия қосылды.

1941 жылдың маусымында Германия КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасады. Бірақ «қас қағым» соғыс ұйымдастырмақ болған неміс әскерінің жоспары жүзеге аспады. Содан кеңес одағына біріккен мемлекеттерді бір-бірлеп тізе бүктіруге көшеді.

Ұлы Отан соғыс – Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі. КСРО-ға он жыл бойы шабуыл жасамау туралы келісімге келген Германия уәдесінен айнып, Кеңес Одағының шығысына кенеттен басып кіріп, 5,5 миллион сарбазын аттандырды. Германияның жағында Италия, Венгрия, Румыния мен Финляндия соғысты. Неміс қолбасшылығы КСРО-ның солтүстігіне – Баренц теңізі мен Қара теңізге дейінгі кеңістікке бір мезгілде бастап жіберді.

КСРО-ның Қарулы күштерінде 2,9 миллион сарбаздан құралған 171 дивизия соғысқа қатысты. Немістерде 190 дивизия.

Немістердің ұйғаруынша, «Барбаросс» жоспарына сәйкес, Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, оның қарулы күштерін қысқа уақытта тас-талқан етіп, 1941 жылдың күзіне қарай соғыс аяқтауды көздеген-ді.

Алайда кеңес халқы соғыстың бірінше күнінен-ақ қайсарлықпен, табандылықпен қарсылық көрсетіп, «қас қағым» соғыстың жоспарын іске асыртпады.

Қ. Слямбек