Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Хронология / Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 2-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 2-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 2-бөлім

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

5-бөлім

Естеріңізде болса, бұған дейін мұражайдың «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты 4 тұрақты көрмеден тұратындығын айтқан болатынбыз.

Сонымен, бірінші бөлім ықылым заманнан бастау алған жазба мәдениетінің куәгері – байырғы, көне жазу ескерткіштеріне арналған.

Мұнда Республика аумағынан табылған жазба мәдениет ескерткіштері және сонау Тас дәуірінен бастап, кейінгі ортағасырларға дейін жалғасын тапқан жазу үлгілері туралы құнды мағлұмат алуға болады.

Мұражайдың құтты қонақтары бірден көзге ілінетін төрдегі паннодан Ақбауыр үңгірінен (Шығыс Қазақстан) табылған қола дәуірінде қынамен салынған таңбаларды көре алады. Паннода таудың күнгейлік жартас беттеріне салынған таңбалар мен символикалық белгілерді, петроглифтерді де аңғаруға болады. Бұлар қола дәуірінің таңбалары.

ап

ро

пр

Қазақстан картасына зер салсаңыздар, онда еліміздегі көне жазба ескерткіштерінің табылған жерлері көрсетілген.

ит

Қабырғадағы суреттерде «Авеста» кітабының жазу үлгісі әліпбилік нұсқасы мен қаңлы жазуының қыш тақтаға жазылған нұсқалары бейнеленген. Авестада Қазақстандағы жер-су атаулары жиі кездеседі және ол атаулар күні бүгінге дейінгі зерттеліп келеді.

ап

Қазақстандағы жазба мәдениет ескерткіштерінің бірі – сармат таңбалары. Олардың бірқатар үлгілері қабырға суреттерде көрсетілген.

ва

Жазба мәдениетіміздің хронологиялық жүйелік жалғасы ертедегі түркі жазуы – Орхон-Енисей ескерткіштерімен өрбиді. Ертедегі түркілердің жартасқа, тастың тегіс беттеріне, күннің қызуымен пайда болған патина, қарақошқыл дақты тастарға, тұрмыстық бұйымдарға қашап, ойып, бәдізделген таңба жазулары Моңғолиядағы Орхон өзені, Енисей аңғары, Талас өзені бойында және ІV-Х ғасырлар аралығында өмір сүрген түркі тайпаларының қоныстарынан табылған.

ва

Түркі жазба ескерткіштерінің ғылыми атаулары табылған жері бойынша аталды.

па

IV Талас жазба ескерткіші. VIII-X ғасырлар.

цу

"Ашық тас" жазуы. VIII-X ғасырлар.

а

"Ағаш таяқша". VIII-X ғасырлар.

Картаның астындағы көрмеде Әулиеата қаласына жақын, Талас өзені аңғарынан В. Каллаур мен А. Гейкель 1898 жылы түркі жазуы бар бес тас тапқан, солардың бірінде: «Оның есімі Чор. Отыз оғланы өздерінен, олжа мен игіліктен қол үзді. Оның жары жесір қалды» – деген сына жазуы бар. Тастың көшірмесі қойылды. В.В. Радлов, П.Мелиоранский, А. Гейкель, С.Е. Малов, Ю. Немет сынды ғалым-түркологтар ескерткіштердің түркі тіліндегі мәтінін, емлелерін зерттеп, ғылыми еңбектерінде жариялады:

чс

чс

Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулердің нәтижесінде байырғы түркі жазуының зерттелу көші ілгерілей түсті. Осы қатарда отандық ғалымдар А.Аманжолов, З.Самашев, О.Сапашев, Қ. Сартқожа, Н.Базылхан сынды ғалымдардың зор үлесін айтуға болады.

Кезінде түрік руна жазуының оқылу кілтін тапқан В.Томсен Шығыс Түркістан Шыңжаң өлкесінен табылған аса сирек кездесетін қағаз бетіндегі мәтінді зерттеп, кітап етіп бастырып шығарды. Одан бері, неолит дәуірі ескерткіші Төлеубұлақ ойықтары мен сарматтық үлгідегі таңбаларды тапқан тас дәуірі ескерткіштерін зерттеуші ғалым Ж.Қ. Таймағанбетовтың тапқан ескерткіштерін зерттеген З.Самашев сармат тайпаларының жазба ескерткіштерін және Шақпақ ата қорымынан табылған түркі жазуларын Н. Базылханмен, ал Шығыс Қазақстаннан табылған Манат жазу-таңбаларын О. Сапашевпен зерттесе, Қ.Сартқожа Моңғолия жерінен табылған жерасты жерлеу орнынан мойнында түркі таңбаларымен жазылған музыкалық қобыз аспабын тауып, ғылыми ортаға жария етті. Түркі жазба ескерткіштерінің толық атласын жасаған М.Жолдасбеков пен Қ. Сартқожаның еңбектерін де жемісті шығарма деуге болады.

Байырғы түркі тілі кейінірек жазба дәстүрі бойынша соғды және ұйғыр әліпбиімен жалғасып, ұзақ уақыт пайдаланылды. Ортағасырларда түркі халықтары ислам дінімен қатар, жазба мәдениетін де бірге қабылдады. Осы тұстан бастап, жазба шығармалар, туындылар араб жазуымен жазылды. Жазба мәдениетімізідің үлгі-нұсқалары көрмеде байырғы жазу-таңбалардан бастап, ирандық авеста мәтіні, түріктің сына жазуы, соғды және көне ұйғыр, араб әліпбиінің тарихын қысқаша шолып таныстыру мақсатын көздейді.

Жекелеген сөрелерде байырғы түркі жазуларына жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері – ғылыми еңбектер қойылған. Солардың ішінде С.Е.Маловтың «Көне түркі жазуының ескерткіштері», «Көне түркі жазуының Моңғолия мен Қырғызстанда табылған ескерткіштері», «Талас эпиграфиялық ескерткіштері», Ә.Х. Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» кітабы, М.Е. Массонның «Орта Азияда көне түркі жазбаларының ашылу тарихына», Ғ.Айдаровтың «Көне түркі жазуы Орхон ескерткіштерінің тілі», А.Аманжоловтың «Түркі руна графикасы» бар. 

п

Н.П.Толль. Скифтер мен ғұндар. Көшпелілер әлемі тарихынан. Прага, 1928 жыл.

ап

В борьбе за тюкский алфавит (Түркі әліпбиі үшін күрес), мақалалар жинағы. Мәскеу, 1926.

Бакуде 1926 жылдың наурызында түркі халықтары үшін ортақ, латындық әліпбиді құруды мақсат тұтқан түркологиялық съездің куәгері. Дәл осы съезде қазақ атынан сөз сөйлеген қазақтың алғашқы дипломаты, Сауд Арабиясы корольдығындағы КСРО-ның өкілетті өкілі - Нәзір Төреқұлов еді.

Сонымен, қатар, М.Жолдасбековтың «Асыл мұралар», Ғ.Айдаровтың, Ә.Құрышжанов, М.Томановтың «Көне түркі жазуы», А. Есенқұловтың  «Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымша», «Ескі түркі жазба ескерткіштері» (жинақ, Йоллықтегін. Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші. Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі М. Жолдасбеков) атты зерттеу еңбектері қойылған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Ғылыми консультант: Мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғат

сурет: ©Еркебұлан Қайрахан

13847 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 мамыр 2013, 19:08
Пікірлер
+0
23 мамыр 2013, 19:40

Көзбен көріп оқыса ғой

+0
29 мамыр 2013, 13:54

Ондай мүмкіндік те қарастырылған, бұл кітаптарды Республикамызда ең бай кітап қоры бар Ғылым ордасының Ғылыми Кітапханасынан алып оқысаңыз болады!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...