Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Жиырмада орда бұзғандар...

Жиырмада орда бұзғандар...

20 жас... Ойлар, мақсаттар мен жоспарлардың арпалысқан шағы... Бұл шақты ойын-сауық, ессіз тірлікпен өткізуге болады, немесе өз елім үшін қандай пайда әкеле аламын деген ойлармен білім мен ілім қуып, ел мақтаған, қыз жақтаған жігіт болуға да болады. Қазақ зиялылары жастайынан зеректігімен, білімге құмарлығымен ерекшеленіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Елеулі еңбектері мен білімдерінің арқасында тарихта аты қалды.

 

1. Әбу Насыр әл-Фараби – түркілердің атақты ойшыл, ғұламасы 12-16 жасында Отырарды тастап, білім алу мақсатында Бағдатқа қоныс аударды. Ол онда аудармашы, түрлі ғылымдар саласының зерттеушісі болып еңбек атқарды.

2. Шоқан Уәлиханов – 19 жасында алғашқы «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет «Манас» эпосының ең шұрайлы бөлігі «Көкетай ханның ертегісі» жырын жазып алады. Сол жылдары белгілі географ П.С. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Федор Достоевскиймен танысты.

3. Сұлтанмахмұт Торайғыров – 20 жасында «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай» және т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.

4. Міржақып Дулатұлы – 20 жасында Ахмет Байтұрсыновпен бipгe Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысып, сол жылы патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазушылардың қатарында болған. Сол жылдары «Оян, қазақ!» деп ұрандатып, елді білімге, ел үшін пайдалы іс- әрекетке шақырады.

5. Ыбырай Алтынсарин – 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, жиырма жастағы Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.

6. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

Қазақ "он үште отау иесі" деген. Жиырма жаста осы жетістіктерді қайталамасаңыздар да, жастарға үлкен уәждеме болады деп сенеміз.

Сурет: vk.com

Топтастырған: Ақтөре Талғатұлы

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 27 наурыз 2014, 13:25
Пікірлер
+0
27 наурыз 2014, 13:39

иа, өзім 20 жасымда ештеме істемеппін...

+0
28 маусым 2014, 15:19

Бұларда кезінде шындықты айтып ешкімге жақпаған, орынды сындары үшін, мақалалары үшін, кезінде қазақтар бәрін орынды қабылдап дұрыс шешім қабылдағанда, әлде қайда дамып кетер едік

+0
27 наурыз 2014, 14:02

алғашқы абзацтағы сөздер өте кермет жазылған, мен 20 жасымда мақсаттарыма қадам жасадым, кейде ойлаймын, одан да үлкен. одан да биік мақсат қойғанда жетуге шамам жетер еді ғой деп....

+0
27 наурыз 2014, 14:32

20 жасымда жұмыс істеп, 70 000 айлық алдым.

+0
27 наурыз 2014, 14:55

Қазыргі заманда 20 жаста не істеуге болады? :(

+0
27 наурыз 2014, 17:38

nous Kazakhs grandes nations

+0
27 наурыз 2014, 18:48

"30 жаста орда бұза аламасаң, 40 жаста қамал ала алмайсың"- деген сөзді естіген бір ұста "қойыңдаршы е, адам өзі үй сала алмай жатқанда, орда, қамал бұзатын шамам жоқ" - деп айтыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.