"Азаттықты аңсаған арыстар " атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті

"Азаттықты аңсаған арыстар " атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті

Ақтөбе облыстық Ішкі саясат басқармасы мен  Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының  ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23-желтоқсан күні Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде өлкетанушы, ғалым Мырзабай Бекарыстанның жетекшілігімен "Азаттықты аңсаған арыстар " атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінің мақсаты Ақтөбе қаласында ашылғалы отырған Әлихан Бөкейханов бастаған 11 тұлғаның алаш ардақтыларының өмірін, тарихын, соның ішінде жерлестеріміз Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Телжан Шонанұлының алаш арыстарымен рухани байланыс қатынастарын мектеп оқушыларына, жас ұрпаққа тереңдете түсіндіру, халқымыздың тәуелсіздікке жету үшін күрес жолындағы қилы тағдырын баян ету, насихаттау және өзара адами қатынастарын тарихи деректер арқылы жете түсіндіру болып табылады.

Кездесу кеші Ұ.Құлымбетов ат. №64 ЖББОМ-нде ашылған Ұзақбай Құлымбетовтың өмірі мен саяси қызметіне арналған "Азаттықты аңсаған ұлт арысы" бұрышын таныстырумен басталды. С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана "Алаш арыстарының кітап көрмесін" жасады.

"Ұлтын ұлықтаған ардақты есім" тақырыбында Ұ.Құлымбетов атындағы № 64ЖББОМ- тің тарих пәні мұғалімі  Н.Х. Төремұратова білім ордасындағы Ұ.Құлымбетовты насихаттаудағы өтіп жатқан іс-шаралар жөнінде бейнекөрсетілім, Әл-Фараби атындағы 21 мамандырылған гимназияның тарих пәні мұғалімдері С.Ж.Сәрсенбаева, М.Сагитжан "Ұзақбайдың озық ойлары" атты танымдық сабақ, "Т.Жүргенов атындағы мектеп музейінің жұмысы туралы"   Ырғыз ауданы, Нұра ауылы, Т.Жүргенов атындағы мектеп музейінің жетекшісі Г.Т.Жумабаева баяндама оқып, "Телжан Шонанұлының педагогикалық идеяларының өміршеңдігі" тақырыбында Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылы, Т.Шонанұлы атындағы мектеп әдіскері М.В.Мәженқызы ашық сабақ көрсетті.

Кездесу кешіне Ұзақбай Құлымбетовтың, Телжан Шонанұлының, Темірбек Жүргеновтың, Тел Жаманмұрыновтың ұрпақтары мен туысы, Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысы М.О.Қосымбаева есімі берілген мектептердің ұстаздары мен оқушылар қатысты. Кезедесу кеші рухани азығы мол танымдық шара болды.

А. Оралқызы