Археологтар адамның бес мың жыл бұрынғы саусақ ізін тапты

Археологтар адамның бес мың жыл бұрынғы саусақ ізін тапты
Фото: feeder.kiev.ua

Шотландия археологтары Оркней аралдарында қазба жұмыстарын жүргізіп жүріп, адамның ежелгі саусақ ізін тапты. Нақтырақ айтсақ, осыдан бес мың жыл бұрын өмір сүрген адамның саусақ ізі археологияда бірінші рет табылып тұр. Бұл жайлы BCC хабарлады.

Қазба жұмыстары Оркней аралының Бродгар мүйісінде жүргізілген.  Табылған археологиялық олжа – кәдімгі саз балшықтан жасалған ыдыс. Алайда сынған ыдыстың сыртында адам саусағының ізі қалып қойған екен.

Басында ғалымдар бұған сенбеген көрінеді. Ыдысты жан-жағынан, түрлі қырынан суретке түсіріп, арнайы бағдарламаға жүктеген. Ол бағдарлама нысанның жалпы үлгісін модельдеп, экранға шығарып береді. Үлгіні жан-жағынан мұқият қарап  қорытындыға келген ғалымдар мұны адамның саусақ ізі деп таныған.

Ендігі мақсат – саусақ ізін одан әрі зерттеп, адамның жынысы мен жасын анықтау.  

Қ. Слямбек