Әлемде ең мықты империя қайсы?

Әлемде ең мықты империя қайсы?
Фото: aljazeera.net

Тарихта державалар көп болған. Қазақ тарихына байланысты Түрік империясы, Шыңғыс хан империясы, Әмір Темір мемлекеті, Осман империясы, Алтын Орда хандығы, Моғол әулеті сынды ірі мемлекеттер, сонымен қатар көнеде Вавилон, Парсы, Ассирия патшалығы, Рим, Хан империясы сияқты алып елдер болған.

Десе де державалардың ең үлкені, қуаттысы қайсы? Оны қалай анықтап, немен өлшесек болады?

Гиннес рекордтар кітабында ең үлкен империя деп Ахеменидтер әулеті немесе Ахеменидтер державасы көрсетілген. Бұл – алғашқы Парсы империясы (Ария империясы). Әлем халқының 44%-ы империяның қоластында болған. Державаның ең өркендеген сәтінде халық саны 112 миллионға жеткен.

Алайда империяның қуаттын халық санына қарап есептеу аздық етеді. Мәселен, 1901 жылы Британия империясының қоластында 1,6 млрд адам болған. Британия мен Парсыны бұлай салыстыруға келе ме? Иә деуге де, жоқ деуге де болады.

Себебі державаның қуатын өлшеудің тәсілі әртүрлі. Бірі жер аумағына, бірі әскер санына, бірі халық санына байланысты өлшеп жатады. Қуатты империяны анықтау үшін мұның бәрін қарастырған жөн. Жаулап алған территориясын, жалпы ішкі өнімін, армиясын, т.б. көрсеткіштерді есептеу қажет.

Маккуори университетіндегі мысыртанушы Мартина Боммастың айтуынша, империяның қуаты мен ұлылығын анықтау үшін дүниежүзілік тарихқа қосқан үлесі мен державаның тұрақтылығын басты назарға алған жөн. Мәселен, ғалым "Германияны басқарған Үшінші Рейхті әскери және экономикалық жағынан ең қуатты мемлекет, 110 млн халқы бар алып империя деп тануға болар еді, алайда тарихта небары 6 жыл ғана өмір сүргені үшін оны ең ұлы держава деп айту қиын" дейді.

Ал әскері ең қуатты держава қайсы десек, онда Шыңғысхан империясын атауға болады. Бірақ ол тарихта 88 жыл ғана өмір сүрген. Кейін тарап кетті.

Британия империясы 1500 жылы құрылып, 1997 жылы құлады, яғни 414 жыл өмір сүрген ең үлкен империя десек болады.

Қ. Слямбек