Еркектері белдемше киетін елдер

Еркектері белдемше киетін елдер
Фото: freepik.com

Шотландия еркектері киетін белдемше әлемге танымал. Көп елде әйелдерге арналған киім тек Еуропа халқы емес, Азия мен мұхитта орналасқан елдерде кең таралған.

Шотландияның ұлттық киімі – килт. Жамылғыны күн суықта оранып, жылынуға болады. Ал соғыста тез шешіп тастап, бірден шайқасып кетуге ыңғайлы. Түнде сарбаздар оны жамылып ұйықтаған. Ал 16 ғасырда килттің ұзындығы қысқарып, белдемшеге ұқсас форма болған. Оның себебі белгісіз күйде қалып отыр. Оған қоса сарбаздар киген киім қалайша халық арасында кең таралғанына тарихшылар бас қатырып отыр. 

Тарихқа үңілсек, шотландиялықтардан бөлек Ежелгі Грекияда, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит елдерінде еркектер де, әйелдер де белдемше киген. Азияда еркектерге арналған белдемшені саронги деп атайды. Ал Грекияда хитон деген балағы ұзын көйлек киген. Гректер шалбарды жабайы халықтардың киімі деп санап, ақсүйектерге ұқсап белдемше кигенді жөн көрген.

Рим империясында туникаға (ұзын етек‚ қысқа жеңді сырт көйлек) ұқсас киім сұраныста болған. Артынша бұл үрдіс Византияға да жетті. 4 ғасырда Феодосий патша еректер мен әйелдерге шалбар киюге тыйым салып, оны бұзған жағдайда азаматтық құқықтан айырып қана қоймай, қаладан қуған.

А. Рысдәулет