Түркияда 1800 жыл бұрын салынған спортзал табылды

Түркияда 1800 жыл бұрын салынған спортзал табылды
Фото: www.AA.tr

Түрік ғалымдары Измир қаласы маңында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде ІІ ғасырда салынған рим мойыншасы мен спортзалын тапты.

Түрік басылымының хабарлауынша, зерттеу жұмысын Катип Челеби атындағы Измир университетінің ғалымдары жүргізген. Олар осыдан 1800 жыл бұрын салынған мәдени-әлеуметтік іс-шараларды өткізетін нысан орнын тапқан.

Ғалымдардың есебінше, ғимарат рим императоры Адрианның билігі кезінде салынған. Ал мойынша мен гимназия – Рим империясында көп салынған нысандардың бірі. Мұндай жерге келушілерге шектеу болмаған, жас пен кәрісі түгел келетін.

Ал спортзалға шынығу мен жаттығу жасау үшін, күрес және түрлі ойын айла-тәсілдерін үйрену үшін барған.

Қ. Слямбек