Әлемдегі алғашқы банк жайлы білесіз бе?

Бүгінде банк әрбір мемлекет экономикасының маңызды бөлігіне айналды. Банк жоқ елді кездестіру мүмкін емес. 

Әлемдегі ең алғашқы банк 1477 жылы құрылған. Италия аумағында XVI ғасырға дейін ғұмыр сүрген Сиена Республикасында құрылған Монте дей Паски ди Сиена (Monte dei Paschi di Siena) банкы әлі күнге дейін қызмет көрсетіп келеді. 

Бастапқы уақытта Монте дей Паски ди Сиена компаниясы тұрғындарға аз процентпен қарызға ақша берген. Уақыт өте банк қызметі кеңейіп, қазіргі уақытта әлемдегі барлық қаржы орталықтарында өкілдігін ашқан. 

Бай тарихының арқасында  Монте дей Паски ди Сиена банк жүйесінің символына айналған. Компанияның штаб-пәтері Италиядағы Палаццо Салимбени зәулім сарайында орналасқан.