Мәскеу мұрағатынан табылған бейнекадрлар. Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллин

Мәскеу мұрағатынан табылған бейнекадрлар. Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллин
Фото: википедия

Бүгінгі күн көк жәшіктің ішінде қызмет атқаратын мамандар үшін маңызды. 1998 жылдың наурыз айында БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қараша күнін Дүниежүзілік телевидение күні деп жариялады. «Неге дәл осы күн таңдалынды?» деген орынды сұрақ туады. Жауабы мынау, 1996 жылдың 21 қарашасында тұңғыш рет Дүниежүзілік телевизиялық форум өтті.

Электронды сәулелер арқылы белгілі қашықтықта бейнелерді қабылдап, көрсетудің алғашқы тәжірибелері 1920 жылдардың басында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да басталды. 1993 жылы америкалық инженер Владимир Зворыкин әлі күнге дейін көптеген теледидардың басты бөлшегі болып табылатын катодты түтікшені ойлап тапқан еді. Қазір бұл сала үлкен жетістіктер мен кәсіби қарыштау кезеңін өткеріп келеді. Сол үздіктердің ішінде де озығы бар. Мысалы, АҚШ-тағы CBS және Ұлыбританиядағы BBC әлемдегі ең ірі телекомпания саналады.

Теледидар – бүгінде тәрбие құралына айналды деп айтуға толық негіз бар. Көк жәшік қолданысқа енгелі ғасыр өтті. Яғни, телевидениенің пайда болғанына 100 жыл толды. Ал оның ішіндегі қазақ телевизиясы биыл 60 жылдық мерейтойын тойлады. Қазақстанда ең алғашқы хабар 1958 жылдың 8 наурызында эфирге жол тартқан еді. Ұлттық арнада ең алғаш қызмет атқарған Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы, Шерхан Мұртаза сияқты тұлғалар қазақ журналистері үшін темірқазық болды.

Бейнекамера алғаш пайда болған уақытта құрылғы бейнені дыбыссыз түсіретін. Осы кезеңде таспаға түскен алғашқы кадрлар Мәскеу мұрағатынан табылыпты. Бұл кадрлар «ТүркСіб» темір жолының ашылу салтанатында түсірілген екен. Мұқият қарасаңыз видеодан Алаш арыстары Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рысқұловтың бейнесін көруге болады.

А. Қажиев