3 сәуір. Әлем оқиғалары

3 сәуір. Әлем оқиғалары
Фото: nisata.ru

Оқиғалар

1502 жыл – Христофор Колумбтың төртінші экспедициясы басталды.

1559 жыл – Като-Камбрези бітімгерлік құжаты қабылданды. Италиядағы 1494-1559 жылдар аралығындағы соғыс аяқталды.

1836 жыл – Ресейде алғашқы теміржолды құру туралы заң қабылданды.

1860 жыл – АҚШ-та алғашқы трансконтиненталь пошта қызметі жолға қойылды. Атпен жүретін жеткізушілер 75 килограмдық поштаны 3 мың километрге 10 күнде жеткізіп тұрды.

1879 жыл – София Болгария астанасы болып жарияланды.

1885 жыл – неміс инженер-механигі, өнертапқыш – Готлиб Даймлер жарты ат күшіне тең алғашқы қозғалтқышына патент алды.

1896 – Миланда Еуропаның ең беделді спорт газеті "Ла Газет делло Спрот"-қа ("La Gazzetta dello Sport") негіз салынды.  

105 жыл – Аргентинаның ең атақты футбол клубы "Бока Хуниорс" (Club Atlético Boca Juniors) құрылды.

1910 жыл – Солтүстік Американың ең биік шыңы "Марк-Кинли" (қазіргі аты – Денали, Аляска, биіктігі 6193 метр) алғаш рет бағындырылды.

1928 жыл – "Алиса ғажайыптар елінде" (Alice's Adventures in Wonderland) шығармасының қолжазбасы америкалық бизнесменге 15400 фунт стерлингке (75260 доллар) сатылды.

1933 жыл – хирург, профессор – Юрий Вороной Херсон қаласында әлемде алғаш рет бүйрек ауыстырды.

1933 жыл – Джомолунгма шыңынан алғаш рет ұшақ ұшып өтті.

1955 жыл – Парижде "L’Équipe" журналы арқылы сегіз мемлекет өкілдері футбол командалары үшін алғаш рет "Еуропа чемпиондар кубогын" өткізуге келісіп алды.

1966 жыл – "Луна 10" ғарыш станциясы алғаш болып Ай орбитасына шықты.

1967 жыл — "Кавказ тұтқыны немесе Шуриктің шытырман оқиғалары" фильмінің премьерасы

1968 жыл – Стэнли Кубриктің "2001 жылдың ғарыштық одиссеясы" (2001: A Space Odyssey) фильмі премьерасы. Бұл фильм уақыт өте келе кинофантастика тарихындағы ең үздік фильм аталды.

1972 жыл – 20 жылдық үзілістен соң Чарли Чаплин АҚШ-қа келді.

1976 жыл – Францияда кино саласындағы марапат "Цезарь" лауреаттары алғаш рет марапатталды.

1984 жыл – "Союз Т-11" ғарышқа ұшты. Оның бортында КСРО-ның екі ғарышкерінен бөлек үндістандық алғашқы ұшқыш Ракеш Шарма бар еді.

1987 жыл – "Дүниежүзі денсаулықты сақтау комитеті" ғимаратында темекі тартуға тыйым салынды.

2000 жыл – әлемнің ең бай адамдарының бірі Билл Гейтс "Microsoft" акциялары құнының жедел түсуінен 12 миллиард доллар зиян көрді.

2007 жыл – "V150" электрпойызы жылдамдық бойынша рекорд орнатты – сағатына 574,8 километр.

Туған күндер

1783 жыл – Америка әдебиетінің атасы, жазушы – Вашингтон Ирвинг.

1863 жыл – бельгиялық сәулетші – Херн вен де Вальде.

1924 жыл – Марлон Брандо, америкалық актер, екі рет "Оскар" сыйлығы иегері.

1961 жыл – Эдди Мерфи, америкалық актер, кинорежиссер, продюсер.

Т. Раушанұлы