Археологтар: "Өлместің дәрісін" іздеген патша бар

Археологтар: "Өлместің дәрісін" іздеген патша бар
Фото: hi-news.ru

Тек аңыз-әңгімелер мен фантастикалық жанрдағы фильмдерде болатын "өлместің дәрісі" туралы түсініктің тегінде ақиқатқа айналарын кім білген. Қазірдің өзінде дамыған медицина магияға негізделмесе де, адамның жасын ұзартуға арналған жұмыстармен айналысып жатыр. Бұл да мыңдаған жылдар бойына қалыптасып келген «өлместің дәрісі» атты түсінікті бір күні шындыққа жанастыру. Ал археологтардың қазба жұмыстары кезінде тапқан құжаттары не дейді? «Өлместің дәрісін» іздеткен патша кім? 

Біздің дәуірімізге дейінгі 210 жылдарға дейін Цин әулетін құрған және басқарған Цинь Ши хуанди біз айтып отырған сиқырға сенген және оны табуға тапсырма берген. 


Цинь Ши хуанди (шын есімі Ин Чжэн) біздің дәурімізге дейінгі 258 жылдары дүниеге келген. 13 жасында таққа отырып, ел билеген. Кәмелеттік жасқа толған күннен бастап, айналасындағы өзіне бағынбаған халықты жаулап, бәрінің басын біріктіре отырып, Қытайдың іргетасын қалайды. Осы ерлігімен де тарихта ол ең білікті билеуші ретінде есте қалады. 

Бұл тұстағы қағаздар, құжаттар өте маңызды және оларды арнайы ағаштан жасалған не бамбуктен жасалған ыдысқа салып сақтаған. 2002 жылы Қытайдың Хунань орталығынан ескі құдық табылады. Қазба жұмыстары нәтижесінде ол жерден 36 000 түрлі тарихи құжат шығады. Хунань Институтының ғалымдары медицинаға байланысты 48 құжатқа зерделеу жасады. Нәтижесінде бәрінің таң қалғанын жасырмау керек. Себебі Цинь Ши патша бүкіл қытай, онымен шекаралас аймақтардан, елдерден «өлместің дәрісін» табуды бұйрығаны туралы құжат кездесті. 

«Ол кезде патшаның айтқаны – заң. Ал оны орындау қиынға соғатын. Адам өмірімен қоштасатын да жағдайлар болады. Ұмытпау керек, ертеде көлік мәселесі және ақпараттық инфрақұрылым дамымаған» дейді зерттеуші Чжан Чиньхуа. 

Құжаттар арасында патшаға жауап ретінде хат жазған еңбектер де бар. Мәселен оған дәлел Дусианг деп аталатын қаладан әлі де болсын «өлместің дәрісі» табылмағаны туралы хат табылды. Онда Шаньдун провинциясы өркендеп келе жатқан өлке, ондағы әлемдегі ең мықты емшілер және балгерлер бар деп жазылған. Өкінішке орай қандай амалын жасаса да патша мәңгілік өмірдің дәмін тата алмаған. 

Бұл құжаттар табылмастан бұрын қытай археологтары Цинь патшасының өлместің жолын табуға асыққан ойының бар екенін растайтын құжаттарды кездестірген. Дегенмен дәл бұл магиялық түсінікке сай «өлместің дәрісін» емес. Осыған дейінгі табылған құжаттарда патша ішке қызыл түске боялған минералды сынап пайдаланған. Ол бұл адам өмірін ұзартады деп сенсек керек. Дегенмен сынаптың ең улы химиялық зат екенін ол кезде ешкім білген жоқ. Мәңгі өмір іздеймін деп, сынапқа сынған патша 39 жасында өмірден өткен. 

Бұл дерек қана емес, қытайлардың түсінгіндегі мәңгі өмір сүру олардың «Батысқа саяхат» тарихи аңызына негізделген еңбектерінде де бар. 

Кез келген ойлап табылған нәрсе шындыққа негізделеді. Себебі жоқтан бар жасауға болмайды. Ал бар дүниенің жер бетінен жоғалып кеткені ғана сылтау болмаса, оның тарих беттерінде белгілі бір шындық қалдыра отырып, адамдарға сиқырға сену керектігін үгіттеуі өтірік емес. 

М. Ақан