Қытай археологтары Алтайда он мың жыл бұрынғы адамның ізін тапты

Қытай археологтары Алтайда он мың жыл бұрынғы адамның ізін тапты
Фото: inform.kz

Қытай археологтары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Алтай аймағының Жеменей ауданында тас үңгірден ежелгі адам тіршілігінің ізін тапты.

Шыңжаң ежелгі ескерткіштер мен археологтар институтының қызметкері Юй Цзяньцзюньнің хабарлауынша, жыныс қабатының өзгерістерін және тастан жасалған еңбек құралын өңдеу технологиясын талдау негізінде археологтар алдын ала тұжырым жасаған. 10 мың жыл бұрын палеолит дәуірінде бұл үңгірде ежелгі адамдар тұрған.

Табылған үңгір негізгі үңгірден және 10-нан астам шағын үңгірден тұрады. 2014-2015 жылдары Шыңжаң археологтары бұл жерден саздан жасалған ыдыс сынықтарын қазып алды. Ал осы жылғы шілдеде Шыңжаң институты мен  Бейжің университетінің археологтары палеолит дәуірінен кейінгі кезеңдегі тастан жасалған еңбек құралын тапты. 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы