Музыкалық ноталарды кім ойлап тапқан?

Музыкалық ноталарды кім ойлап тапқан?
Фото: beautypic.ru

Музыкадан білімі жоқ кез келген адамнан сұрасаңыз, ноталарды жетеуін де ойланбай тізіп береді. Олардың бірінен кейін бірі оңай ілесіп айтылуы жеңіл әуеннің үйлесімін танытады. Бір қызығы, бұл шынымен белгілі бір музыкалық шығарманың гамма әуенінен құрамдалған екен.

ХІ ғасырға дейін музыкалық туындылардың бөлшектері сызықша мен нүкте арқылы белгіленген. Пунктуацияның нақты ережесіз белгіленуі әуеннің әр орындауда өзгеріп кетуіне алып келетін болған.  Сол себепті жаңа жүйені сұранысқа ие болды.

Біздің заманымыздың 991-1033 жылдары аралығында өмір сүрген Гвидо Ареццо есімді дін қызметкері қазіргі қолданыста жүрген ноталарды жүйелейді. Жеті нотаның бір гамма деп алып, ретімен қолданылған музыкалық белгілерді шаршымен білгілейді. Ал бір гамманың бөлшектері ерте орта ғасырларда шіркеуде әулие атына орындалған ән сөздерінен алынады. Әннің түпнұсқасы латын тілінде жазылған.

Ut queant laxis 
resonare fibris, 
Mira gestorum 
famuli tuorum, 
Solve polluti 
labii reatum, 
Sancte Ioannes.

Әр қатардағы екі әріп бір нотаның (ut, re, mi, fa, sol, la) атын білдірген. Кейіннен үндесуді сақтау үшін бірінші нотаны «do» атауына өзгертеді. Себебі әнді дауыссыз дыбыстан бастап айтқан икемді. Ал соңғы нота атауы ең төменгі қатардағы әріптердің бас әріптерінен құралады. Көне латын тілінде «si» құдайға табыну дегенді білдірген.

Ж. Өрісбай