Солтүстік Корея құрамасы футболдан әлем чемпионы (видео)

Солтүстік Корея құрамасы футболдан әлем чемпионы (видео)
Фото: www.vokrugsveta.ru

Өткен жылы футбол бойынша әлем чемпионаты Бразилияда өткені белгілі. Коммунистер билейтін елдің БАҚ өкілдері чемпионат іріктеуіне де ілінбеген Солтүстік Корея құрамасы финалға шыққанын мәлімдеген. Бұл ақпарат арнайы Солтүстік Корея халқы үшін дайындалған еді.

Өтірік видеода Солтүстік Корея футболшыларының гол салып жатқанын көреміз. Ал Ким Чен Ын құрама жанкүйерлеріне үлкен экраннан қолдау білдіреді. Сондай-ақ, Солтүстік Корея құрамасы Жапонияны 7:0 есебімен жеңсе, АҚШ-қа 4 гол соғады. Ал Қытай құрамасы 2:0 есебімен жеңіліс табады.

Расында Солтүстік Корея футбол құрамасы Бразилияға барған да жоқ. Себебі олар топтық іріктеуден өте алмаған. Ал БАҚ өкілдері команданың финалда Португалия құрамасына қарсы ойнайтынын мәлімдейді.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилияда өткен әлем фемпионатының финалында Аргентина мен Германия ойнаған. Неміс футболшылары 1 гол айырымымен чемпион атанады.

Ж. Өрісбай