АҚШ Хиросима мен Нагасаки үшін Жапониядан кешірім сұрамайды

АҚШ Хиросима мен Нагасаки үшін Жапониядан кешірім сұрамайды
Фото: www.nydailynews.com

Жапония АҚШ-ты Хиросима мен Нагасаки үшін кешірім сұрауы тиіс деп біледі. Populus компаниясының Жапония азаматтарына жүргізген сауалнамасына орай, жапондардың басым бөлігі аталған қалаларына лақтырылған қасірет үшін АҚШ-тан кешірім күтетіні белгілі болды.

Сауалнамаға қатысқандардың 61%-ы АҚШ аталған қалаларға атом бомбасын тастағаны үшін кешірім сұрауы тиіс деп білсе, 74%-ы бұл бомбалауды әскери жүріс деп есептемейтіндерін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 70 жыл бұрын тамыздың 6-сы күні Хиросимаға, 9-ы Нагасаки қаласына атом бомбасы лақтырылған болатын. Бұл екінші дүниежүзілік соғысына нүкте қойғанымен, мұның өзге де саяси астары бар еді.

АҚШ-тың бұрыңғы президенті Гарри Трумэннің немересі атасының Жапонияны бомбалау туралы шешімі үшін еш өкінбегенін айтады. Дегенмен сол қасіреттен кейін атом бомбасын тағы қолдану туралы ойлаған емес. Сонымен қатар, Дэниел Клифтон Трумэн АҚШ-тың бір күні ресми түрде кешірім сұрайтынына күмәнмен қарайтынын айтты.

Ж. Өрісбай