Білімі үшін төленуі тиіс...

Білімі үшін төленуі тиіс...
Фото: www.geograph.org.uk

Бұл тарихи оқиға осыдан бірнеше жүз жыл бұрын орын алған болса да, өзінің актуалдығын бүгінге дейін жоғалта қоймаған. XVIII ғасырдың екінші жартысында бу машиналарын құрастыру басымдылыққа ие бола бастайды. Расында бу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі еретеректе ойластырылса да, оның қоғамда кеңінен қолданысқа енуі 1870-жылдары шотланд өнертапқышы Джеймс Уаттың кезінде жүзеге асады.

Біз ұсынғалы тұрған оқиға "тұтынушы ақша төлеуі тиіс" деген принципті алға тартады. Бір күні Джеймс Уатты істен шыққан бу машинасын көріп беру мақсатында шақырады. Бу машинасымен негізгі бизнесін жүргізетін адамдар оның іске қосылуын аса маңыздылыққа балап, жөнделген бойда инженерге 1000 АҚШ доллары (сол кездері бұл үлкен көлемдегі ақша болатын) көлемінде ақша беретінін айтады.

Уатт машинаны үш рет айналып өтіп, үлкен зілбалға қажет боларын айтады. Ол зілбалғамен машинаның оң жақ бүйіріне дәлдей отырып, бір соғады. Сосын бу машинасы іске қосылып кетеді. Бар болғаны бір соққы үшін $1000 төлегісі келмей қалған кісі Уатты айламен жеңу үшін, өз еңбегін қалай бағалайтынын қағазға жазуды сұрайды. Ал Джеймс "соққы үшін - $1, соққыны қайда бағыттауды ұсынған білім үшін - 999 АҚШ доллары" деген екен. Айласы іске аспай қалған машина иесі белгілі инженерге уағдаласқан соманы беруден басқа амалы қалмайды. 

 
Ж. Өрісбай