Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Ең байырғы әйнек бұйым біздің заманымыздан бұрынғы 2500 жылы Месопотамиялықтар мен ежелгі египеттіктер жасаған тізбек маржан саналады. Әйнекті ең алғашында сілті (көмір қышқыл натри) мен құмды (кремни қос тотығы) араластырып, жоғары температурада ерітіп суыту арқылы жасаған. 4000 жылдан бері әйнекті жасайтын материал мен техникасында үлкен өзгерістер туылды. Әйнек бұйымдар адамзат тұрмысы, мәдениеті, көркемөнері және таяу заманғы өнеркәсібіне аса терең ықпал жасады.

Әйнекті алғаш тапқырлаған Египеттіктер мен Вавилондағы адамдар қыш бұйымдарды жасау барысында табиғи сілті мен құс қайрақтың араласпасын жоғары температурада балқытып, олардың балқымасы суыған соң әдемі әрі мөлдір бұйымға айналатындығын кездейсоқ байқаған. Біздің заманымыздан бұрынғы (бұдан кейін б.з.б деп қолданылады) 200-ші жылы әйнектен жасалған дәнекерлегіш түтік тұңғыш рет Вавилонда қолданылған. Кейін келе Римдіктер де пайдаланған. Рим мен Египет шеберлері металл тотықтарын бояу материалы ретінде пайдалана отырып, әйнектің реңін алуан түстерге келтірген. Рим І тұсындағы атақты әйнек ойма – Ботлан құмырасы осы тектес әйнек бұйымдардың ішіндегі ең әйгілісі.

ХХ ғасында әйнек өнеркәсібі осызаман өнеркәсібінің маңызды бөлігіне айналды. ХХ ғасырдың басында өндірілетін әйнек, бастысы, натри калцилы әйнек болатын, ол көбінесе терезе әйнегі ретінде пайдаланып, ыстық-суықтың парқы себебінен оңай сынатын еді. Химиялық аспап ретінде пайдалануға келмейтін, линза жасауға тіпті де жарамайтын-ды. 1915 жылы АҚШ ғылыми әйнек компаниясы борлы әйнек деп аталатын өнімді өндірді. Ол ыстықтан ұлғаю коффиценті натри калцилы әйнектен әлде қайда кіші болып, 200 градусқа дейін қыздырып, оны дереу 20 градустық суға салғанда сынбаған. Сонымен, тез арада бұл әйнек химия саласына қолданылатын әйнекке айналды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында сәуле сындыру көрсеткіші төмен, құрамы фтор, фосфор қышқылының тұзы бөлек болған әйнек жасап шығарылды. 70-жылдары сәуле сындыру көрсеткіші жоғары, құрамы германи тотығы және теллор тотығы болған әйнек жасап шығарылды. Осы жаңа үлгідегі оптикалық әйнектердің зерттеліп жасалуы жаңаша дамудың кезеңіне көтерді. Түсті әйнектің түс сүзу қызметін білген соң, көрінбейтін сәулелерді екшеу рөлі бар әйнектер жасалынды. Ал, құбылғыш әйнек сәуле түстерінің өзара бір-біріне айналу қағидасына негізделіп жасалды. Ол жарықтың күшті-әлсіздігіне ілесіп, қанық-солғындығы ұқсамаған түстерді пайды қылып, көзді қорғау қызметін атқарды.

Әйнек талшығы – ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап шыққан жаңа өнім. Әйнек талшығы жоғары температураға төзімді, шірімейді, бөлектеу, жылу тосу сияқты қасиеттері бар. Электр жабдықтары, алтын қорту, траспорт және мемлекеттік қорғаныс сияқты салаларда кеңінен қолданылады. АҚШ-тың «Аполлон» жоспары кезіндегі әлем кемесіндегі ғарышкер киетін ғарыш киімі – осы әйнек талшығы мен басқа да қоспа материалдардан жасалған еді. Әйнек талшығы қоспа материалдардың күшейткіші ретінде көп мөлшерде қолданылады. Мысалы, ХХ ғасырдың 40 жылдары жарыққа шыққан болаттанған әйнек, көңіл дөңгелегі, химия өнеркәсібі трубалары, цементті материалдарды қатайтатын жеңіл құрылыс материалдары сияқтылар. Әйнек талшығының кісін жалт қаратарлықтай қолданысы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы лазер технологиясына ілесе жарыққа шыққан жарық өткізгіш талшықтар саналады. Жарық өткізгіш талшықта құрамы қанша таза болса, жарық энергиясының сарып болуы сонша төмен болуы сынды қасиеті болғандықтан, тез арада электорника ғылымы, ядролы фихика, жарық ғылымы, хабар-байланыс, толық кескінді суретке алу, автоматты меңгеру, медициналық құрылғылар сынды салаларда кеңінен қолданысқа түсті.

Әйнек ең бастапқыда қымбат бағалы әшекей бұйымдары, рюмка, гүл тұғыры, иіссудың құтысы сияқты жерлерде ғана пайдаланылып келген-ды. Ол XV-XVI ғасырлардан кейін ғана өндіріс саласына ендей кірді. XVII ғасырда Францияда майдалаудан өткен тегіс әйнек пайда болды. XIV ғасырға келгенде ол қарапайым материалға айналып, таптау, үрлеу, созу сынды тәсілдермен мәнерленіп, күнделікті тұрмысқа қажеттінің бәріне жарамды дүниеге айналды.

Тарихқа ықпал еткен тапқырлықтардың бірінші бөлімінде бүгінгі күнде өзімі кеңінен пайдаланып жүрген әйнектің тархы және оның ерекшеліктері жайлы айтып бердік. Біз қызықты тапқырлықтар әлеміне әлі де көп саяхат жасаймыз. Олардың бәрі жай тапқырлықтар емес, олар – адамзат тарихын, адамзат өмірін өзгеріске ұшыратқан тапқырлықтар.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wanye68.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2013, 11:37
Пікірлер
+0
14 ақпан 2014, 20:54

жақсы екен ;) ;) ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.