Қазақ хандары мен батырларына арналған жаңа сайт ашылатын болды

Қазақ хандары мен батырларына арналған жаңа сайт ашылатын болды

Жақында қазақ Интернет кеңістігінде қазақ хандары, билері мен батырларына арналған «Қазақ хандығының тарихы» атты жаңа сайт пайда болмақ. Сайттың тұсаукесері Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде орын алды, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.   

Бұл ресурста 38 қазақ ханы жөнінде автобиографиялық еңбектерден бөлек, ғылыми мақалалар, қанатты сөздер және де хандар, сұлтандар, билер, батырлар мен қазақ тарихының қалыптасуына ықпал еткен басқа да тұлғалар жөнінде сирек фактілер орналастырылатын болады. Сайт өткен замандағы көшпенділердің өмірінен сыр шертетін алты блоктан тұрады.

«Бұл блокта қазақ хандығының Мәуеренахр, Әмір (Ақсақ) Темір империясы, Шайбанилар мемлекеті, Астрахань хандығы, Моғолстан, Жоңғар және Сібір хандықтары, Ресей сияқты көрші елдермен жасаған дипломатиялық, әскери, экономикалық, мәдени, этникалық қарым-қатыстары жөнінде материалдар жарияланатын болады»,-дейді жоба авторы, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.

Оның сөзінше, болашақта осы сайттан бөлек Қазақстан тарихына арналған тағы бес интернет-ресурс қолданушыларға жол тартпақ.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alashainasy.kz

Б. Қосмағамбет