ҰБТ алдындағы қорқыныш

ҰБТ алдындағы қорқыныш

ҰБТ алдында балалардан бұрын олардың әке-шешелері қатты абыржиды. Себебі әрбір ата-ана өз баласына қорқынышты қалай жеңіп шығудың жолдарын іздестірумен мазасызданады. Оқушылардың ҰБТ алдындағы үрейі неден байқалады?

Кез келген емтихан алдында болатын көпке танымал қорқыныш көрсеткіштері - оқушылар ұйықтамайды, уайымдайды, олардың тәбеті болмайды, тізелері қалтырайды, бастары ауырады, тамыр соғуы жиілейді, жүйке жүйесі бұзылады, артерия қысымы көтеріледі. 

Мұндай қорқыныштың себебін қарастырайық.

1. Шамадан тыс жүктеменің болуы.

2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді.

3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 

4. Ауру салдарынан болған әлсіздік.

5. Дәрменсіздік сезімі.

6. Өз біліміне күмәндану.

7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі)

8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы.

Емтиханға қалай дұрыс дайындалуға болады?

- Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал.

- Дайындықты ҰБТ тапсырудан  2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс.

- Конспект дайындау керек.

- ҰБТ тапсырған аға-әпкелеріңізден кеңес сұраңыз.

- Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз.

- Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн.

- Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз.

- Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. 

- Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз

- ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз.

ҰБТ алдындағы қорқынышты әлі күнге дейін үлкен проблема десе де, болады. Балалардың психологиялық жағынан дұрыс дайындық алмағандарының әсерінен небір апаттар болып жатады. ҰБТ-дан оң нәтиже алу бірінші кезекте баланың моральдық дайындығына байланысты.

Сурет: thenews.kz сайтынан алынған

Ж. FM