Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Иттің бәрі тазы болмас...

Иттің бәрі тазы болмас...

Иттің бәрі тазы болмас...

Иттің бәрі тазы болмас, еттің бәрі қазы болмас. Сол үшін де қазақ халқы тазыны жеті қазынаның біріне санап, қол жүгіртпей қастерлеген. Өткен ғасырдың 50-жылдарында тазы иттердің саны күрт төмендеп кетті. Бүгінде қазақ жерінде таза тұқымдылардың 300-ден астамы ғана қалды. Дәл 300 спарталықтар секілді.

Алматы қаласы маңында Жүрсін Бұралкиевтер отбасында таза қанды Қырғи қаншық күшіктеп, өмірге он күшік әкелді.

Бұл күшіктердің туылғанына бар болғаны бір ғана апта болды. Иелерінің мақтанышы бола ма екен...

 

Үй иелері бала әлпештегендей күшіктерге қамқор болып, оларды бағып-қағуда. Алдағы бір жылда кімнің күшті, кімнің әлсіз екені анықталатын болады.

Иттерді бағуға кететін уақыт пен қаржы шығыны да аз емес. Дегенмен Жүрсін Бұралкиев үшін бұл іспен айналысу өз еліңе патриот болумен бірдей.

- Тазы - қазақтың аңға салатын иттерінің ежелгі тұқымының бірі, оны біздің ата-бабаларымыз өсіріп келген, демек, менің ісімді аруақтар қолдайды - дейді Жүрсін.

Селекционер Константин Плахов аруақтарға қатысты ештеңе айта алмайды, ал тазыларға келетін болсақ.... Ол тазыларды зерттеуді 20 жыл бұрын бастаған. Қазір "Асыл тұқымды қазақ тазылары ұлттық клубының" президенті. Бүгін Бұралкиевтер отбасына өзінің қамқорлығындағы күшіктерді тексеруге әкелген.

 

Ғалым-зоолог әр күшікті жіті тексеруде. Селекционерлер негізі тым қатал келетін халық. Олар үшін ең бастысы - тұқымдардың эволюциясы.

Алматы облысының тазышылары жиі кездесулер өткізіп тұрады. Әңгіме тақырыптары да  иттер туралы.

Константин иттерді үнемі бақылап, олар туралы мағлұмат жазып, суретке түсіріп тұрады.

Қай қаншықты қай төбетпен шатыстыру керек екенін де өзі шешеді. Әрине, ол "тағдыр" құдайы емес, ол тек ғылыми көзқарас.

Бір айта кетерлік жайт, тазы тұқымы халықаралық кинологиялық ұйымда тіркелмеген, яғни мұндай тұқым жоқ деп есептелінеді. Қазақтың асыл тұқымды итін тіркеу үшін көп жұмыс атқару қажет. Алайда, Түркия елі де тазы итін аталған ұйымға "түріктердің төл иті" деп тіркеуге қамданып жатыр.  

6 жыл бұрын Константин Плахов пен Естай Туғанбай екеуі қосылып, Алматы облысы Қарғалы ауылында питомник ашқан болатын. Қазір Константин іске ғылыми шешім табуға жауапты.

...ал Естай тәжірибе жасау мен қаржылық жағын өз мойнына алды.

Көшпенді халықтың тазыны қадірлегені соншалық үй ішіне де кіргізетін болған. Бұған қарамастан, тазылар күй талғамайтын және тамаққа қомағай емес болып келеді. Қазақ халқы жақсы итті тамақтануына қарап анықтайтын болған. Ал тазылар ұқыпты тамақтанады.

Күнделікті берілетін нан мен суға, тіпті, ауылдың таңдаулы төбеттері де шыдамай мүгедек болып жатады. Сол үшін  үлкен тазыға күніне жарты килограмм ет немесе 400 грамм азық қажет.

...оған қоса тазы үйшігі ыңғайлы...

...таза...

...жылы болуы керек. Арнаулы кондиционерлер қажетті температураны ұстап тұрады.

Мынау атақты Пеленаның ұлы альфа-еркек Бегарыс. 

Бегарыстың артынан ерген күшіктердің өсіп, жетіліп келе жатқанын да айта кеткен жөн.

Мыналар әзірше жас қаншық пен төбет, бірақ ит иелерінің айтуынша тектілердің мақтанышы мен артынан із қалдыратын қаншық болатындарына уәде береді.

Бірақ, төбет пен қаншықтарға ең қызықтысы және бастысы махаббат емес, аңшылық!

Көліктің ашық тұрған есігін көрсе бірден ішіне кіріп жайғаса бастайды. Бұл оларға рефлекс ретінде қалыптасып қалған: егер оларды тордан босатса және тор алдында көлік тұрса, онда аңға барады!

Тазышылар жол бағдарын, әдіс пен аң аулау стратегиясын талқылауда. Сонымен түлкі аулау шешімі қабылданды. Қоян аулау деген жеңіл нұсқа да болған, бірақ, шешім нақты болды...

Жол-жөнекей ат алу үшін кішкентай ауылға соқты.

Тазышылардың бір бөлігі атқа отырып, жазық дала қойнауына жүріп отырды.

Александр Линниктің мақтанышы Зара аңды бірінші байқады.

 

 

Тазы жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетеді және түлкінің еш қашып құтылуға мүмкіндігі жоқ.

 Аңшылық кезінде ілтипат сезіміне орын жоқ. Сондықтан да аңды ұстаған тазылар оны ойланбастан лезде өлтіре салады.

Осы қасиетінің арқасында тазы көшпенді халықтың аңызына айналған. 

Тазының иесіне қарауын қараңыздаршы. Иесі белгі бермейінше ол шабуылға аттанбайды.

Иесінен белгі ала салысымен оны бірден орындауға көшпестен бұрын өздері ойланып алады. Дәл осы қасиет аборигендік тұқымнан "өркениеттілікті" ажыратып тұрады: олар дербестігімен, ой қорытуларымен, талдауымен ерекшеленеді. Үйретуге бейімделе бермейді. Константин осы іспен жаңадан шұғылдана бастағандарға: "бұл иттер сендерге аяқ-киімдеріңді әкеліп бермейді", - дейді.

Тазымен аңға шыққанда қару-жарақ алудың қажеті жоқ. 

Ертеректе  қазақтар иттерімен және аңшы құстарымен бірге кешенді түрде аңға шығатын болған. Қазіргі заман тазышылары бүркітшіні ұната бермейді. Себебі, дұрыс үйретілмеген құстар соңғы кезде тазылар мен адамдарға шабуылдай бастаған.

Сонымен қатар, оңтүстіктің тазышылары солтүстіктің тазышыларын ұнатпайды. Солтүстік тазышылар үлкен көлемге ұмтылып, көбінесе өз иттерін еуропалық иттермен шатыстыруға жүгінеді. Бұл деген асыл тұқымды құрту дегенді білдіреді.

Міне, аңшылық та бітті. Олжа қожаның қолында демалуға да болады.

Келесі аңшылықта кездескенше!

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынған

Авторлары: Николай Судаков & Гүльнар Бажкенова

10766 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 12:13
Пікірлер
+0
10 наурыз 2012, 14:23

Керемет! Тазыларды да қазақтан алып, түріктер төл итіміз деп тіркетпекші. Осы ғой, өмірі осылай ұйықтап жүреміз.

+0
10 наурыз 2012, 19:30

айтпаныз....тез1рек камдану керек шыгар осыны б1лгеннен кей1н б1зд1к1лерге

+0
10 наурыз 2012, 14:24

Тазы, алабай иттерді жанымдай жақсы көремін. Тазының бір қасиеті, күшіктесе де, өз күшіктерін қызғанбайды. Және де басқаның күшіктерін жатсынбайды.

+0
10 наурыз 2012, 14:24

Қазіргі кезде ит те бизнес көзіне айналды ғой.

+0
10 наурыз 2012, 14:44

"күніне жарты килограмм ет немесе 400 грамм азық қажет." дейді?! Мәссаған! Үйде бұрын охотник ит асырайтын. Бобик, Тузик комбаньёр деген иттер болатын. Қатты ұнайтын еді, көз алдымда ауырып өлді ғой Тузик. Ал тазы иттерден қорқамын. Үлкен болады ғой олар.

+0
10 наурыз 2012, 18:06

мына тазылар әдемі екен... осындай бір итің болса ғой!

+0
10 наурыз 2012, 20:35

аз болса да таз жақсы

+0
11 наурыз 2012, 13:00

Суретке қарап отырсам тазылар арық сияқты көрінеді. Сонда бұлардың духтары күшті болғаны ғой

+0
26 тамыз 2013, 16:48

Иттерді осынша күтіп-баптайтынын білмеппін...

+0
26 қараша 2013, 21:24

Иттің бәрі тазы болмас, еттің бәрі қазы болмас... :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...