АҚШ жерінен қыршаянның жаңа бір түрі табылды

АҚШ жерінен қыршаянның жаңа бір түрі табылды

АҚШ ғалымдары Аризона штатының оңтүстігінде орналасқан Санта Каталина тауынан қыршаянның осыған дейін ғылымға белгісіз болып келген жаңа бір түрін тапты. Айта кететін жайт, бұл қыршаян осы таудан табылған алғашқы олжа емес. Осыған дейін де зерттеушілер дәл осы жерден аталған жәндіктің басқа бір жаңа түрін тауып алған еді. Тағы да бір қызық жағдай - бұл жәндіктер табылған таулы аймақ адам аяғы баспаған далада емес, АҚШ-тағы үлкен қаланың жанында орналасқан.   

1

Табылған жәндікке ғалымдар қазірдің өзінде ресми ат беріп үлгерді. Ол енді ғылымда Vaejovis brysoni қыршаяны деп аталатын болады. 

2

Жаңа қыршаянның дене өлшемдері үлкен емес. Vaejovis brysoni аналығының ұзындығы бар-жоғы 27.5 мм болса, аталығы одан да кіші - 21,1 мм. Қыршаян қызғылт-сұр түсті болып келеді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com


Б. Қосмағамбет