Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Саусақ терісі суға салғанда неге әжімденеді?

Саусақ терісі суға салғанда неге әжімденеді?

Саусақ терісі суға салғанда неге әжімденеді?

Соңғы зерттеулерде анықталғандай, саусақтардың әжімденуі белгілі бір деңгейде артықшылық болып саналады екен. Бұл турасында Нькасл университетінің бір топ ғалымдары жақында ақпарат таратты.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, әжімденген саусақтар ылғалды ортамен жақсы ұстасады. Мұны тіпті, яғни қасиетін, жолға шыққан көлік дөңгелектерінің кертіктерімен салыстырған. Және саусақ әжімденуінің бұрынғы себептерін жоққа шығарып, (бұрындары органикалық ағзаға су өтіп кеткендіктен саусақ терісі ісініп-кебеді делінген) шындығында  вегетативтік жүйке жүйесі арқылы реттелетін белсенді процесс екенін алға тартады: қан тарату тамырлары қысылғаннан саусақ терісінің бедерлері өзгереді. Ендігі кезекте белсенді процесс екенін біле отырып, арнайы мақсат үшін қолданылатынын ұғыну қиын емес.

"Ылғалды жағдайда пайда болатын саусақ әжімденуі бір уақыттарда біздің ата-бабаларымызға су арасынан немесе сулы өсімдіктерден азық жинауға көмектескен. Әбден мүмкін. Оған қоса аяқ саусақтарының әжімденуі де жаңбырлы ауа-райында ұзақ шыдас беруге септескен деген ой-пікір бар" - дейді аталған ғылым ордасының зерттеушісі Том Смалдерс.

Теорияның дұрыс, иә бұрыс екенін анықтау үшін ғалымдар 20 адамды зерттеу нысанына алған. Жиырмасының қолына 45-ке жуық ылғалды немесе құрғақ заттарды ұстатқан. Анықталғаны, құрғақ заттардың әжімденген және қалыпты саусақ үстіндегі қозғалыс-қимылы (перемещение) бірдей уақыт аралығында өтсе, ал ылғалды заттардың қозғалыс-қимылы қалыпты саусақтарға қарағанда әжімденген саусақтарда 12 пайызға аз уақыт алған.

Бұдан шығатын қорытынды: әжімденген тері құрғақ затпен байланыста еш нәтиже бермесе де, ылғалды затпен байналысуы, ұстасуы өте-мөте жоғары деңгейде өтеді деген сөз.

Алдағы күннің еншісінде бір ғана сұрақ бар: неге саусақ терілері ұзақ уақытқа әжімденіп қала алмайды? Оны да алдағы зерттеулер көрсете жатар. Сөз соңында, саусақтың үнемі әжімденіп жүруі тері сезімталдығын құртуы мүмкін...

сурет:.delfi.lv

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

8760 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 ақпан 2013, 13:56
Пікірлер
-1
05 ақпан 2013, 19:11

дәл осындай болғанда қатты қорқып кетемін)

-1
07 ақпан 2013, 11:28

моншадан кейін өстіп кетті

+1
11 желтоқсан 2014, 23:35

саусақтар судан емес ыстықтан, айта кетсек ол әжімдену буданда пайда болады. Сол себептен "Сайсақ терісі суға салғанда неге әжімденеді?" деген сұраққа бұлай жауап бере алмаймыз. Себебі саусақ терісі тек ыстық ылғалға салғанда ғана әжімденеді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...